Жұма, 19 Сәуір 2024
Билік 2725 2 пікір 22 Қазан, 2020 сағат 10:55

Ұлттық кеңестің төртінші отырысы өтеді

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

«Шара барысында мемлекеттік басқару реформасы, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу, балалардың құқықтарын қорғау, ерекше мұқтаждығы бар адамдарды қолдау және т.б. мәселелер қаралады», - деп жазды Берік Уәли. 

Отырыс Президенттің Баспасөз қызметінің Фейсбуктегі AkordaPress парақшасында көрсетіледі.

Abai.kz

2 пікір