Жұма, 26 Сәуір 2024
2705 2 пікір 22 Қазан, 2020 сағат 10:36

Пашинян: Дау дипломатиялық шешілмейді

Таулы Қарабақтағы жанжалды дипломатиялық шешім тоқтата алмайды. Осылай деп Армения премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді.

"Бізді әрі қарайғы іс-әрекетіміз – бұл халықтың құқығы үшін соңына дейін күресу", – деп мәлімдеді Фейсбук парақшасы арқылы жүргізген тікелей эфирі кезінде. Пашинян елдің барлық әкімдерін қолына қару алуға дайын ерікті жасағын құруды тапсырды.

Әзербайжан президентінің көмекшісі Хикмет Гаджиев Пашинянның бұл сөздері жанжалды бейбіт жолмен шешкісі келмейтінін білдіреді деді.

Армения президенті Армен Саркисян ресми сапармен Брюссельге барды. Ол жақта НАТО және Еуроодақ өкілдерімен кездеседі. Ал Әзербайжан және Мәскеу сыртқы істер министрлері Мәскеуге барды. Олар онда жеке-жеке Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті.

Әлем лидерлері екі елді соғысты тоқтатуға шақырып жатыр. Бірақ Баку мен Ереван 21 қазанда соққы беруді жалғастыратынын хабарлады.

Қыркүйек айының соңынан бері өзін өзі жариялаған Таулы Қарабақта 800 сарбаз қайтыс болған. Әзербайжан әзірге әскер шығынын жарияламай отыр.

Conflict Intelligence Team зерттеу тобы Әзербайжан жақта сириялық жалданбалы адамдар соғысып жатқанын хабарлады. Баку мен Анкара мұны теріске шығарып келеді.

Армения мен Әзербайжан арасындағы Таулы Қарабақ дауы Совет Одағы кезінен жалғасып келеді. 1988 жылы басталып, 1994 жылы аяқталған соғыс кезінде 30 мыңға жуық адам қаза тапты, жүздеген мың адам босқынға айналды. Негізінен армяндар тұратын аймақ 1991 жылы Әзербайжаннан бөлініп шығатынын мәлімдеді, бірақ әлемнің ешқандай елі оны мойындамады. Халықаралық құқыққа сәйкес, Таулы Қарабақ – Әзербайжан жері.

Abai.kz

2 пікір