Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
3368 0 пікір 21 Қазан, 2020 сағат 13:49

Республикалық бюджет туралы заң жобасы мақұлданды

Бүгін Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021-2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферттер туралы» және «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобаларын мақұлдады.

Отырыста Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 2023 жылға дейінгі республикалық бюджет туралы заң жобасы бойынша презентация жасап, 2021-2023 жылдарға арналған бюджетке арналған болжамдар туралы баяндады.

Оның айтуынша, болжамды мұнай бағасы барреліне 35 долларды құрайды. Сондай-ақ, оның сөзінше 2021-2022 жылдары инфляция 4-6% аралығында, 2022-2023 жылдары 4-5% аралығында болады деп күтілуде.

Республикалық бюджет жобасына сәйкес, 2021 жылы әлеуметтік саланы дамытуға бөлінген қаражат 7 трлн. теңгені құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 454 млрд.теңгеге көп.

Мәжілістің баспасөз қызметі атап өткендей, Мәжілісте бюджет жобасын қарау нәтижесінде экономиканың нақты секторын дамытуға, оның ішінде ШОБ-ты қолдауға 1,7 трлн.қарастырылған. Ал, аймақтарға республикалық бюджеттен шамамен 3,9 трлн.теңге бөлінбек.

Abai.kz

0 пікір