Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Билік 3025 4 пікір 21 Қазан, 2020 сағат 11:06

Әшімбаев: Сайлау қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтеді

Мәулен Әшімбаев Мәжіліс сайлауын тағайындау туралы пікір білдірді. Бұл жөнінде Сенат Төрағасы facebook-тегі парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы шешім қабылдады. Сайлау конституциялық мерзімге сәйкес өтеді. Жалпыұлттық дауыс беру келесі жылдың 10 қаңтарында жүргізіледі», – дейді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат Төрағасы кезекті сайлаудың күнін белгілеу арқылы осы мәселеге қатысты екіойлы сұрақтарға жауап берілгенін тілге тиек еткен. Сондай-ақ, ол бұл сайлау демократиялық өзгерістер тұрғысынан біздің қоғамның жүйелі дамуындағы маңызды кезең болуы керек деп есептейді.

«Президентіміз өз үндеуінде атап өткендей, жаңа сайлау науқанына дейін саяси жаңғыру, көппартиялықты дамыту және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне азаматтардың қатысу аясын кеңейту жөнінде шаралар қабылданды. Бұл шаралар парламенттік оппозиция институтын және партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізу мәселелеріне тікелей қатысты. Парламент бұған қажетті заңдарды қабылдады. Мемлекет басшысы айтқандай, алдағы сайлау толығымен қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтеді», – делінген жазбада.

Abai.kz

4 пікір