Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 6326 6 пікір 20 Қазан, 2020 сағат 12:44

Тілін көрсетіп, тісін жасыратын пәлекеттің бәрі қауіпті

Баяғыда бір мұжық қыс ішінде малына шөп салып жүріп маядан ұйықтап жатқан жылан тауып алады. Былқ-сылқ еткен жәндікті үйіне апарып, жалғыз ұлына көрсетеді. Бала жылтыр терісіне қызығып біраз сипайды. Мұжық жыланды өзі жататын пештің үстіне тастайды да шаруасына шығып кетеді. Бір-екі сағатта айналып келсе баласы серейіп өліп жатыр дейді. Пеш жылуымен жыбырлап оянған жыланды сипамақ болғанда шағып алыпты.
Ақымақтығы кесірінен Құдайдан сұрап жүріп көрген перзентінен айрылған мұжық жыланды балталап өлтіріп, өзі жынданып кетіпті дейді.
Кез келген секта туралы оқысам осы оқиға еске түседі. Мұжық - қазақ, перзент - тәуелсіздік, жылан - секта.
2000-жылдары елді ордалы жыландай буындырып еді, кейін заң қысқанда ұйқыға кеткен сыңай танытты. Тілін көрсетіп, тісін жасыратын пәлекеттің бәрі қауіпті.
Серік Әбікенұлының жазбасы
Abai.kz
6 пікір