Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 2452 0 пікір 20 Қазан, 2020 сағат 12:02

Блокбекетте жол апатын жасаған экс-полицей 10 жылға сотталды

Қарасай аудандық сотында Алматыдағы блокбекетте болған жол апатына кінәлі полицейге қатысты үкім шықты.

"Азат Азаматов кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", - деп үкім шығарды судья Мәди Көшікбаев.

Сондай-ақ, сот Азат Азаматовқа Алматы полиция департаментіне келтірілген материалдық шығын (бүлінген полиция автокөлігі) үшін 5,4 миллион теңге төлеуді міндеттеді.

Ал жәбірленуші Динара Аманның пайдасына Азат Азаматов баласы 18 жасқа толғанға дейін бір миллион теңге моральдық шығын және 36 миллион теңге төлеуі керек болады.

Қаза тапқан полицейдің әкесінің пайдасына Азаматов бір миллион теңге моральдық шығын және 2,8 миллион теңге материалдық шығын төлеуі керек.

Қаза тапқан екінші полицейдің әйелінің пайдасына сотталған адамнан оның үш баласы 18 жасқа толғанға дейін 15 миллион теңге өндіріп алынатыны айтылады.

Айта кетейік, осы жылдың 25 мамырында жантүршігерлік жол апаты болып, екі полицей қаза тапқан еді. Сол сәтте көлік ішінде болған 42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында ал, оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аурухана төсегінде көз жұмды.

Сот отырысының алғашқы күнінде Азат Азаматов кінәсін толық мойындаған болатын. Ол жол апаты болардан бұрын сыра ішкенін, сондықтан оқиға болған кез мүлде есінде жоғын айтты. Жүргізушінің айтуынша, ол ауруханаға келгенде бірақ есін жиған.

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3552