Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Билік 3578 88 пікір 20 Қазан, 2020 сағат 10:28

Халықтың 76,8%-ы «Нұр Отанды» қолдайды екен...

Жуырда қазақстандық қоғамдық саяси институт елдегі билік партиясына («Нұр Отанға») деген халық сенімі қаншалық екенін анықтап, сауалнама жүргізіпті. 

Қоғамдық саясат институтының қазан айындағы сауалнамасының нәтижелеріне сәйкес партияны қолдау деңгейі 76,8%-ды құраған. Сонымен қатар, респонденттердің 70,7%-ы партияның саяси салада бәсекелестері жоқ деген пікірде, ал 69,2%-ы елдің одан әрі дамуын тек «Nur Otan» партиясымен байланыстырады екен.

Партияны қолдаудың жоғары деңгейі, бұл пандемия кезеңінде халықты қолдау жұмыстарының күшеюінің, кері байланыстың онлайн-арналары мен қоғамдық қабылдаулардың нығаюының, Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуын бақылау жөніндегі мақсатты жұмыстарының нәтижесі.

Сондай-ақ, партия рейтингтерінің артуына қоғамда сұранысқа ие бола білген праймеризді өткізу ықпал етті. Праймеризде партия мүшелерінің 82,4%-ы дауыс берді, 10 мыңнан астам кандидат тіркелді, олардың 55%-дан астамы қалалық және аудандық мәслихаттар тізіміне өтті. Қазақстандықтардың 65,3%-ы партиялық сайлау туралы естіген, олардың 62%-ы праймеризді «жақсы тәжірибе» деп санаған.

Abai.kz

88 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522