Сәрсенбі, 28 Қазан 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 110684. Жазылғандар — 105766. Қайтыс болғандар — 1825
46 - сөз 1080 5 пікір 17 Қазан, 2020 сағат 13:54

Біздегі айыртілді аудитория бірін-бірі қолдамайды

Қырғыздар жолда қалар еді...

Біздің қоғамда әлеуметтік мәселесі шешілген, саяси-қоғами арыз-шағымы жоқ, жалпы саясатпен қақ-соғы жоқ, сен тимесең мен тимемен отырған - орыстілділер деп аталатын аудитория бар.

Қазақтілді ортаның өзгеріске деген ұмтылысын тежеп, кері тартып отырған дәл осы аудитория. Былайша айтқанда, балласт.

Құдай біледі, біртекті ел болғанда саяси протестің әлденешесін бастан өткеріп, тәуелсіздіктің 30 жылғы тарихында бір емес, бірнеше президент ауыстырып тастар едік. Қырғыздар? Олар жолда қалар еді.

Қазақтілді орта кардиналды өзгеріске дайын, негізі. Талай рет талаптанып та көрді. Тек бірауызды емес. Аяғына оратылып отырған ормандай орыстілді аудитория бар.

Тілі бір - ұлттың тілегі бір дейді, иә. Беларусьтар Tut.by-ға араша түсіп жатыр. Жаппай. Жұрт болып.

Біздегі айыртілді аудитория бірін-бірі қостамайды да, құтқармайды да. Ең бастысы бірігіп үн қата алмайды.

Орыстілді орта қазақтілді аудиторияның қай ұсынысын қолдады? Осындағы орыстардың елдегі саяси ахуалға шағымданған кезі болды ма? Олардың аузынан "осы жүйеден қажыдық" деген сөз шыққанын өз басым естімеппін.

Аса бір ауыр, бұйығы, керенеу орта. Бұл бізге де жұққан.

Қазақтілді ортаға саяси өзгерістің белгісі ұлттық мәселесінің бүтіндей, біржолата шешілгені ғой. Орыстілді кеңістіктің ықпалынан арылмайынша қазақтілді аудитория бизнестегі, сервистегі басқа да сферадағы проблемалармен бетпе-бет келе береді.

Орыстілді аудиторияның қоғами саяси белсенділігі, осы аудиторияның орта жасы, капиталы мен жалпы елге деген көзқарасын зерттейтін жақсы бір әлеуметтанушы табылар ма екен?..

...

Екі айдан асты Түркиядамын. Оқу-тоқу. Орыстілдестерді жазбай танисың. Жүзінен ызғар есіп тұра ма, бір бәле. Эмоция жоқ. Комплекстің құрсауында қалған. Бұл бізге де жұққан. Әділдік іздеу үшін де эмоция керек шығар.

Орыстілдестер біздің потенциалымыз емес, проблемамыз болып тұр.

Думан Бықайдың жазбасы

Abai.kz

5 пікір