Сейсенбі, 27 Қазан 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 110684. Жазылғандар — 105766. Қайтыс болғандар — 1825
609 6 пікір 17 Қазан, 2020 сағат 13:10

Қазақстан халқының саны 18 млн 785 мың адам болды

2020 жылғы 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша қазақстан халқының саны 18785,0 мың адамды құрады.

Оның ішінде қалалықтар – 11066,2 мың (58,9%), ауылдықтар – 7718,8 мың адам (41,1%). Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.

«2019 жылғы 1 қыркүйекпен салыстырғанда халық саны 237,5 мың адамға немесе 1,3% өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп өсім еліміздің 3 өңірінде: Алматы (63,1 мың адам), Нұр-Сұлтан (50,0 мың адам) және Шымкент (31,8 мың адам) қалаларында тіркелді», - делінген хабарламада.

Abai.kz

6 пікір