Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
2122 3 пікір 17 Қазан, 2020 сағат 12:47

Еуроодақ Садыр Жапаровтың билікке келуіне күмәнмен қарайды

Еуропалық дипломатия басшысы Жозеп Боррель Қырғызстандағы жағдайға қатысты пікір айтты.

Еуропалық одақ парламент сайлауының нәтижесі жойылған соң президент Сооронбай Жээнбековтің қызметтен кеткені туралы мәлімет алды, делінген Еуроодақтың Қырғызстандағы өкілдігі сайтында жарияланған мәлімдемеде.

"Президент құзыреті мен міндеттері Конституцияға сай атқарылғаны өте маңызды. Сол себепті, Жогорку Кенеш спикерінің президент құзыретін премьер-министрге тапсырғаны үлкен сұрақ туғызды, өйткені Қырғыз Республикасы парламенттік демократияны таңдаған", - деді Боррель.

Ол елдегі барлық саяси күштерді президент және парламент сайлауларын әділ өткізуге күш салуға шақырды.

БҰҰ Қырғызстанға ел болашағына қатысты шешімдер Конституцияға сай қабылдансын деген үндеу тастаған. Хабарларға қарағанда, БҰҰ Бас хатшысының Орталық Азия елдеріндегі арнайы өкілі Наталья Герман Бішкекке келді. Ол қырғыз астанасында мүдделі топтармен бірнеше кездесу өткізеді.

15 қазанда президент Сооронбай Жээнбеков қызметтен кетті. Парламент спикері Қанатбек Исаев президент міндеттерін атқарудан бас тартып, мемлекет басшысы құзыреті премьер-министр Садыр Жапаровқа өтті.

Abai.kz

3 пікір