Жексенбі, 25 Қазан 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 110402. Жазылғандар — 105618. Қайтыс болғандар — 1796
1687 4 пікір 16 Қазан, 2020 сағат 13:09

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі «Борат» фильмі туралы айтты

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер Kazakh TV арнасына берген сұхбатында "Борат" фильміне қатысты пікір білдірді.

Елші фильмнің бірінші бөлімін ешқашан толық көрмегенін және оның тек үзінділерін көргенін айтады.

"Бұл фильм ғой. Адамдар киноға барады, оны көреді, басқасын көреді", - деді Мозер Бораттың екінші бөлімі туралы.
"Халықтың фильмді қабылдауы және оған бармай-ақ ол туралы не ойлайтыны көбіне жеке басқа қатысты жағдайда қалыптастады. АҚШ-та Қазақстанның талантты өкілдері көп. Өз елін шынымен таныстырып жатқан адамдарды халық фильмді көрген немесе көре алмаған адамдардан гөрі ұзағырақ уақыт есте сақтайды", - деп толықтырды Мозер...

 

Айта кетейік, "Борат-2" премьерасы 23 қазанда Amazon Prime сервисінде өтеді.

Abai.kz

4 пікір