Сенбі, 20 Сәуір 2024
46 - сөз 4075 7 пікір 15 Қазан, 2020 сағат 12:37

Бүгінгі күннің Қанышы, Мұхтары, Әлкейі кім?

Жиырмасыншы ғасырдың ортасында қазақ халқын сол кездегі жоғары технологиялық деңгейге көтерген үш тұлға болды. Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтпаев, Әлкей Марғұлан.  Үшеуі де «Жас Алаштың» мүшесі.

Кеңес өкіметі үшеуін де жақсы көрмеген, дегенмен, тума талантын, мемлекетке берер нақты пайдасын ескере отырып, олардың өмірін сақтап қана қоймай, творчествосын дамытуға күш салған.

Еліміздің экономикасының тірегі, ірі кеніштердің басым көпшілігін Қаныш Сәтпаев ашып кеткен, қазір сол жерлерде қаншама жүздеген мың адам еңбек етіп, өзінің нәпақасын тауып жатыр, бюджетке қаншама трилиондаған салық құйылып жатыр.

Мұхтар Әуезов бізге, әлемге Абайды сомдап берді.

Әлкей Марғұлан қазақ тарихы Алтын Орда тарихымен ұштасып жатқандығын, қазақ ұлтының пассионарлық энергиясын Кеңес кезінде дәлелдеп берген тұлға.

Бұл кісілердің дүниеден өткеніне елу жылдан асты.

Бүгінгі күннің Қанышы кім, Мұхтары кім, Әлкейі кім деген сұраққа кім жауап бере алады?

Ерлан Саировтың жазбасы

Abai.kz

7 пікір