Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
3142 1 пікір 15 Қазан, 2020 сағат 13:17

Тоқаев: Абай аманатына адал болуымыз керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Семейге барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді

Сапар барысында Президент «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу салтанатына қатысып, сөз сөйледі.

«Хакім Абайды біртұтас ұлт болып ұлықтаубіздің перзенттік парызымыз.

Ұлы ақынның рухына тағзым ету үшін мен осы қасиетті топыраққа арнайы келдім. Қала тұрғындарын және бүкіл елімізді Абай мен оның ұрпақтарына арналған жаңа ескерткіштің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұлбіртуар ғұлама ойшылымызға деген зор құрметтің белгісі.

Ұлы Абайбіздің еліміздің мақтанышы ғана емес, әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Олқазақтың жан-дүниесінің тұңғиығына бойлаған дара тұлға. Оның өлеңдері мен қара сөздеріұлттық болмысымыздың айнасы. Абай жаңа әдебиетіміздің негізін қалаған ақын ретінде ел тарихында айрықша із қалдырды. Оның еңбектері бір ғасырдан астам уақыт өтсе де өзектілігін жоғалтқан емес. Әлі күнге дейін баршамызға рухани азық болып келеді.​Ақынның ғибратты ғұмыры мен мол мұрасыхалқымыздың және жаһан жұртының асыл қазынасы.

Абайдың өсиетіөскелең ұрпақтың айнымас темірқазығы.​ ​Ұлы ойшыл жастарды білім мен ғылымды игеруге, өнер мен тілді үйренуге, маңдай термен мал табуға шақырды.

Ақын айтқан бес асыл іс: «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым» – ұлт үшін ауадай қажет қасиеттер. Біз дамуды тежейтін бес дұшпаннан арылып, елдік мүдде жолында еңбек етсек қана қоғамдық сананы жаңғыртамыз. Біз Абай аманатына адал болуымыз керек. «Жауапты мемлекетжауапты қоғамжауапты адам» жүйесінің берік орнығуы осыған байланысты.​Ол үшін бүгінгі буын Абай мұрасынан нәр алып, рухани кемелденуі қажет.

Мына еңселі ескерткіш жас ұрпаққа тағылымды ой салуға тиіс.

Абай және оның сөзі мен ісін жалғаған парасатты перзенттері Ақылбай мен Тұрағұлелге үлгі болған тұлғалар. Мұнда ұрпақ сабақтастығы, әке мен баланың сыйластығы бейнеленген. БұлҚұнанбай қажы әулетінің тектілігін танытатын туынды. Абай шаңырағының тағылымыұлт ұлағатының көрінісі.

Жалпы, тәлім-тәрбие ұлт сапасын қалыптастыратын басты фактордың бірі болуы керек!​ ​

Құрметті қауым!

Біз биыл Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өтуге ерекше мән бердік. Мемлекеттік және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар өткіздік. Ақын мұрасын насихаттауға, ұлағатты сөзін жас ұрпақтың санасына сіңіруге ден қойдық. Жидебайдағы «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені жаңа талапқа сай жаңғыртылды. Ұлы ақынның рухына тағзым етуге келетін жұртшылыққа қолайлы жағдай жасалды. Бұлоблыс әкімі Даниал Ахметовтің және бір топ азаматтардың еңбегінің нәтижесі.

Біз мерейтой кезінде ысырапшылдық пен даңғазалыққажол берген жоқпыз. Абай айтқан «мақтаншақтық», «бекер мал шашпақты» тыюдың бір жолы осы деп санаймын.​

Ұлы ойшылдың мұрасыеліміздің одан әрі өсіп-өркендеуіне жол ашатын баға жетпес құндылық. Абайдың асқақ рухы ұлы мұраттарға жетелей берсін! Шығыс Қазақстан халқына шын жүректен аманшылық тілеймін»,- деді Тоқаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында Абайдың «Жиделі-Бөрлі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайын аралап көреді.

Және «Қарағайлы» ықшам ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысады.

Бұдан бөлек ақынның сирек кітаптар қорының көрмесін тамашалап, «Абай әлемі» сериясымен шыққан кітаптарды көріп, абайтанушы ғалымдармен кездеседі.

Қасым-Жомарт Тоқаев сапар соңында Жидебайға барып, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені мен ақынның мұражай-үйінің тыныс-тіршілігімен танысады деп жоспарланған.

2019 жылдың 9 қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарияланды. Аталған мақалада ақын мерейтойына орай республикалық және аймақтық деңгейде 500 -ден астам іс-шара өтетіні айтылған. Сонымен қатар, Абай шығармаларын әлемнің 10 тіліне аударып басу да қолға алынады делінген.

«Мерейтой жылы аясында Абайдың қастерлі мекені – әйгілі Жидебайды абаттандырып, ұлы ақынның рухына тағзым етуге келетін жұртшылыққа қолайлы жағдай жасау қажет.

Сонымен қатар, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейіне ерекше көңіл бөліп, ғылыми-танымдық жұмыстармен айналысатын орталыққа айналдыру керек.

Жидебайда музейге арнайы лайықталған «Абай мұрасы» атты жаңа ғимарат салу қажет.

1918 жылы Семей қаласында Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытов негізін қалаған, 1992 жылдан бері қайта шыға бастаған «Абай» журналына мемлекет тарапынан қолдау көрсету керек»,- деді Президент.

Айта кетейік, 2020 жыл қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Хакімнің мерейтойына арналған шараларды өткізуге республикалық бюджеттен 3 миллиард теңге қарастырылған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530