Жұма, 19 Сәуір 2024
46 - сөз 3644 5 пікір 13 Қазан, 2020 сағат 13:40

Жерден айрылу үлкен қасірет!

Баланың ойыншығын тартып алса, балақан қандай қайғы-қасіретке ұшырайды. Кейбір біздің ағайын өзінің мемлекеттік территориясынан айрылып отыр. Олардың ішіндегі құсаның қалай қайнап жатқандығын сезіну мүмкін емес.

Мен Израиль мен Палестинада болдым, екі ағайын халық. Грузияда болдым. Абхазияға қарап аңсап тұрған грузин жігіттерді көрдім. Сол халықтардың қай-қайсысы болсын, қандай қайғы- қасірет, қорлауды басынан кешіріп отырғанын түсінуге болады.

Әзірбайжан достарым бар, территориялық мәселеге келгенде көздерінен парлап жас шығып кетеді. Іште қандай ыза, тағдырға реніш жатқанын өзіңіз ойлап көріңіз.

Тарихи әділеттілікті қалыптастыру өте қиын, қиямет-қайым жұмыс. Төрткүл дүниеде тұрақсыздық заманы орнап тұр. Айналаның барлығы қорап сіріңке тәрізді лаулап кетуге дайын. Баршамызға салиқалы ой, салмақты қадам берсін. Осындай кезде бейбітшілік пен түсіністіктің қадір-қасиетін біліп, елдегі ықпалдастықтың бас фактор екендігін түсінесің. «Ақырын жүріп, анық басатын» уақыт деген осы шығар. Аяғыңды жерге нық қойып, адымыңды ойланып алмасаң сүрініп қаларың анық. Қазір сүрінетін заман емес. Қауіпсіздікті ойлап, тұтастық сақтап, ынтымақты дамытып, ықпалдасу жасайтын кезең туып келеді...

Ерлан Саировтың жазбасы

Abai.kz

5 пікір