Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3588 0 пікір 23 Қараша, 2012 сағат 09:28

Алаштың айбозы - Мұстафа Өзтүрік

23-нші қараша - Мұстафа Өзтүріктің туған күні

Туған халқын сүйіндіріп, сүйсінткен тау тұлға, тар дүниенің тарансасынан талайлы тағдыры ерте түсірген тарланбоз - Мұстафа Өзтүрік. Көзден кетсе де, көңілден еш кетпейтін атақты шығыс жекпе-жегінің хас шеберінің өлімі де жұмбақ күйінде қалды.

Атамекенін аңсап жетіп, топырағын сүйіп туған елімен табысқан есіл ерді абайсызда ажал алып кетті. Кіндік жұртынан аққа оранып, аруланып аттанып Түркиядағы әкесінің жанына жерленді. Өзтүріктің жалғызы еді. Артынан ерген қарасы да жалғыз. Біз білсек, Германияда тұрады. Ал, атажұртта ардақты ұлдың даңқы қалды.

Алаш айбозын ұмытқан жоқ. Мұстафаның атында көше, шығыс жекпе-жек мектебі, шәкірттері бар. Жыл сайын Мұстафа Өзтүрік атындағы жарыс өтіп тұрады.

Жоғарыдағы суреттер - Алаштың арланы жалғанда жортып өткен жолдар...

«Абай-ақпарат»

Суреттер Фейсбук әлеуметтік желісіндегі Мұстафа Өзтүрік парақшасынан алынды

0 пікір