Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Көршінің көлеңкесі 3873 3 пікір 8 Қазан, 2020 сағат 14:01

Жээнбековке импичмент жариялана ма?

Кеше түнде Қырғызстан Парламентінің депутаттары жедел жиын өткізіп, президент Сооронбай Жээнбековке импичмент жариялау мәселесін талқылапты. Бұл туралы қырғыз ақпарат құралдары жазып жатыр.

Иманалиев Каныбек Капашович — биография

Оппозициялық «Ата-Мекен» партиясының депутаты Қаныбек Иманалиев импичмент процессі басталғанын айтыпты.

«Жогорку Кенештің жарты депутаты импичментке қол қойды. Бұл өте күрделі процедура. Бірақ ол басталды», - депті депутат Иманалиев.

Депутата Эльвиру Сурабалдиеву домогались в лифте Жогорку Кенеша

«Ата-Мекен» партиясының тағы бір депутаты Эльвира Сурабалиева өзінің Facebook-тегі парақшасында: «Қазір біз осы импичмент мәселесін ақылдасып жатырмыз», - деп мәлімдеген.

Ал Twitter-дегі парақшасында: «Су жаңа спикер Абылдаев президент Жээнбековке импичмент жариялау туралы құжатқа қол қойған жоқ», - деп жазды.

Депутат упрекнул Жогорку Кенеш за боязнь критиковать США

Депутат Рыскелді Момбеков: «40 шақты адам қатысты. Олардың нешесі қол қойғанын нақты білмеймін. Біз таңғы 10-нан бері әлі толық жинала алмай отырмыз. Кеше де сөйтіп отырдық. Мыктыбек Юуспович екіарада жүр. Олармен де, бізбен де байланыс жасап отыр. Қазір үш топ үш түрлі адамды премерлікке ұсынып жатыр. Олар: Садыр Жапаров, Өмірбек Бабанов пен Тілек Токтогазиевтер», - депті импичментке қатысты БАҚ-қа берген сұхбатында.

Аида Касымалиева: Премьер сказал обращаться в милицию, а милиция сама подозревается в убийстве бизнесмена - ELGEZIT

Ал депутат Аида Касымалиева президент Сооронбай Жээнбеков туралы жазба жариялап: «Мен үлкен саясатқа 2017 жылы Сооронбай Шариповичтің командасымен келдім. Ол кезде Жээнбеков премьер-министр еді. Біз бірге бастадық. Ол президент болған кезде де өзгерген жоқ. Мейірімді, ашық, қарапайым, сенгіш, еңбекқор және жауапты қалпын сақтап қалды. Мен өз ақылыма сенемін. Қалғаны - саясат», - депті.

Все, что скрывается за вывеской «Чон Казат», или Кто и почему призывает грабить богачей. Часть I - ELGEZIT

Өзін Қырғызстанның Бас прокуроры деп жариялаған «Чон казат» партиясының лидері Сыймык Жапыкеев Жээнбеков пен Матраимов кландарына қатысты үш бірдей қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген.

«Әскери прокуратурадан арнайы тергеу тобы құрылды. Тексеру басталды. Біз бұл істі жай ғана ауызбен айтып қоймай, оның қорытындыларын да жариялайтын боламыз», - депті Жапыкеев.

Қырғызстандық «akipress.org» агенттігі президент Жээнбековке импичмент жарияланған жағдайда Қырғызстанды кім басқаратыны туралы жазыпты. Қырғыз Конституциясына сәйкес, үш жағдайда президент өкілетігі тоқтатылуы мүмкін.

  • Өз еркімен доғарысқа (отставкаға) кеткен жағдайда;
  • Конституция талаптарына сай қызметінен алынған жағдайда;
  • Денсаулығына байланысты өз міндетін атқара алмайтын немесе қайтыс болған жағдайда.

Импичмент процедурасы қалай жасалады?

Жогорку Кенеш (Парламент) депутаттардың 3/1-і (немесе басым бөлігі) президентке айып тағып, импичмент жариялауды ұсынады. Одан кейін арнайы комиссия құрылып, ұсыныс қаралады. Әрі қарай, президенттің жұмысында қылмыстық құрамның бар-жоқтығын Бас прокуратура тексереді. Содан кейін Парламент дауысқа салып, барлық депутаттың 3/2-інің дауысымен президентті қызметінен алады.

Импичменттің мерзімі қанша?

Импичмент жариялаудың нақты мерзімі жазылмаған. Ол бір күннің ішінде жариялануы мүмкін. Бірақ, президент жұмысына қатысты алғашқы айыптаулар жарияланған күннен бастап 3 айдың ішінде импичмент процессі өткізілуі тиіс.

Импичмент жарияланса, Қырғызстанды кім басқарады?

Президенттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, жаңа президент сайланғанға дейін президент міндетін Жогорку Кенеш (Парламент) спикері атқарады. Егер Парламент спикері атқара алмаған жағдайда, уақытша билік тізгіні премьер-министрге немесе премьер міндетін атқарушы адамға беріледі.

Экс-президента Киргизии Атамбаева освободили из СИЗО - РИА Новости, 06.10.2020

Қырғызстан тарихында ешбір президентке импичмент жарияланбаған. Парламент 2019 жылы маусымда экс-президент Алмазбек Атамбаевты ерекше президенттік статусынан (саяси иммунитеті) айырған. Ал бұл статус пакетіне президенттерге берілетін материалдық игіліктермен қатар, «президенттер қудаланбайды», «олардың өздері мен отбасылары ерекше қорғалады» деген секілді айрықша тармақтар кіретін. Өз уағында Атамбаевты бұл статустан айыру процессі – импичмент процессіне ұқсас болған. Бұл мәселе Парламентте 15 күн бойы қаралған.

© Reuters

Айта кетейік, 4 қазанда Қырғызстанда парламент сайлауы өтті. «Жоғарғы Кеңестің» сайлауына барлығы 16 саяси партия қатысқан. Cайлау қорытындысы бойынша бірінші орында «Биримдик» партиясы, екінші орында «Мекеним Кыргызстан» партиясы, үшінші орында «Кыргызстан» партиясы тұрған болатын. Сөйтіп сайлау есебімен келіспей, қарсы болған халық митингіге шықты.

Наразы халық «Ақ үй» мен Парламент ғимараттарын басып алған. Премьер-министр Кубатбек Боронов пен Парламент спикері Дастан Жұмабеков отставкаға кеткен. Ал президент Сооронбай Жээенбеков екі мәрте жедел үндеу жасап, тараптарды келіссөзге шақырған. Алайда ешқандай ресми келіссөздер өтпеген.

Садыр Жапаров обнаружен с порезанными венами в СИЗО-1

Оппозициялық топ жетекшілері билік транзитін өткізетін координациялық кеңес құрған. Бұл координациялық кеңес экс-депутат Садыр Жапаровты премьерлікке ұсынған. Шұғыл жиналып, жасырын отырыс өткізген Парламент депутаттары Жапаровтың кандидатурасын мақұлдаған.

Алайда оппозициялық топтың жарты бөлігі бұл шешіммен келіспей, өз алдарына бөлек координациялық кеңес құрып, өз премьерлерін сайлайтынын мәлімдеген. Олар сондай-ақ, президент Жээнбековтің отставкасын талап еткен.

Ал Сооронбай Жээнбеков осыдан бірнеше күн бұрын БАҚ-қа сұхбат беріп, өзінің легитимді президен текенін айтқан.

«Бұл – билікті заңсыз басып алу. Митингіге шыққандардың мақсаты – сайлаудың қорытындыларын жою ғана емес, елдің тыныш өмірін бұзу! Мұның барлығы – мені биліктен кетіру үшін жасалып жатыр.

Мен легитимдімін. Легитимді президент ретінде менде құзырет бар. Мен олардың бастарын біріктіріп, әрқайсысымен жеке-жеке келіссөз жүргізуге дайынмын. Бұл менің міндетім! Мен дайынмын», - деген Сооронбай Жээнбеков.

Abai.kz

3 пікір