Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Қоғам 9114 30 пікір 8 Қазан, 2020 сағат 14:16

«Ұлттық арнадан Тазабековтің тәлімін тыңдаймыз»

Qazaqstan ұлттық арнасында «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабек жүргізетін бағдарлама ашылыпты. Онда Тазабек мырза студия қонақтарымен бірге тәлім-тәрбие төңірегенде әңгімелесетін көрінеді.

Ұлттық арна жаңа бағдарлама жайлы әлі ешқандай ақпарат таратқан жоқ. Осы аптаға арналған бағдарламалар кестесінен де жаңа жобаны байқай алмадық. Мұхамеджан Тазабектің өзі де жаңа жұмысы жайлы сөз қозғамады. Бірақ әлеуметтік желіде «Talim Trend» атты авторлық бағдарламаның түсірілімінен фотосуреттер тарай бастады.

Әлеуметтік жілілерде әртүрлі тақырыптарда ақыл-кеңес айтып, көпшілікке кеңес беруден жалықпайтын Мұхамеджан мырзаның ұлттық арнаға келгеніне байланысты ел арасында екіұшты пікір айтылуда. Оның жаңа қызметіне қатысты желі қолданушылары не жазып жатыр? Бір шолып шықтық.


Айгүл Орынбек: «Асыл арна» арқылы үйрете алмаған, тәлім тәрбиені Ұлттық арнадан үйретейін деді ме? Ұлттың арнасы, діни фанаттардың арнасы ма? Қарттарды ұрып, теуіп, приказ орындауға үйретеді ме енді?

Ұлтқа тәлім тәрбиені, батыр атамыздың келіні Зейнеп Ахметова апамыз тұрғанда, Мұхамеджан Тазабекке жол қайда? Тазабектің де ұяты жоқ екен, Зейнеп апамыз тұрғанда, алдына шығып тәлім тәрбие бергенім жарамас! “Мен де кеше ғана сақалым тіземе тиіп адасып, қарттарды ұруға шақырып жүрген адам едім”-деп бас тартуға болар еді! Жоқ, кесетін жерімді кесіп ал деп, беті быттыйып Ұлттық арнадан бірақ шығыпты!

Жастарға ақылды қарт кісілер айтатын еді, бізде тепсе темір үзетін, жастар айтатын болғаны қашан?! Ұлттық арнаның мәртебесі биіктейді ме десем, жүн беттерге толып, кері кете бастапты! Бұл енді Ұлттың арнасы емес, жүн беттердің арнасы! Ұлттық арнаға қазынадан ақша бөліну тоқтатылсын! Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл арнаны шұғыл тексерсін!

Тоқтар Жақаш: Сәләфиттердің саржағал балапандары Хабар мен Қазақстан арналарында толып қалған еді. Енді Мұхамеджан Тазабектің ұлттық арна эфиріне шығуы масқараның масқарасы дер едім Сонда, енді Мұхамеджан ұлттық арнадан бізге пәлсапа соқпақшы ма? Оған ондай трибуна кімнің пәрменімен берілді?! "Тәлім-тренд" деген дүниесі осыдан 4-5 жыл бұрын ютубта мың рет айналып, әбден жауыры шыққан. Енді сол сарқыншағын ұлттық арнадан төгуге де ұят керек шығар! Мұхамеджанға өзінің діни арнасы аздық еткен бе?

Мен түсінер едім, егер, Мұхамеджан келіндер мен әйелдерге тәлімді сабақ беретін ұзынетекті сақа қатын немесе жетпіс-сексен жасаған кемпір болса. Қай қазақтың еркегі ерлі-зайыптыға ақыл айтып еді? Мен өз басым балаларымның өміріне қарғыс айтқыш сәләфиттердің қол сұғып, ақыл айтуына үзілді-кесілді қарсымын! Бұл енді тым перебор! "Еститін үкімет" көрерменнің талабын естиді деп ойлаймын! Сектанттар идеология саласынан аулақ жүрсін!

Дина Елгезек: Мұхамеджан Тазабеков ұлттық арнадан арнайы хабар ашыпты! “Асыл арнадан” ертелі кеш Бекболат екеуінің “лұғатын” тыңдайтынымыз аз еді. Енді күнде ұлттық арнадан Тазабековтың тәлімінен сусындаймыз!

Тоқаев пен Балаева аман болса, Қазақстанда салафизм өлмейді, дами түседі!

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы: Мына жағдайдың қалай болғаны? Исламшылдарға (радикалды салафиттерге) телеканал ашуға рұқсат беру деген не сұмдық? Оны билік қолдап отырса, онда өзге конфессияларға да сондай жағдай жасау керек болғаны ғой?! Сонда біздің Ата заң бойынша зайырлы мемлекеттігімізден не мән қалмақ?! Мен түкке түсіне алмай отырмын!...

Бекжан Әшірбаев: Уыстай ғана ұлтымыздың уыздай тазалығын сақтау үшін күресіп жүрген Мұхамеджан Тазабековтың «Qazaqstan» ұлттық арнасының эфирінен өтетін "Talim Trend" авторлық жобасы түсірілімінен фотобаян. Алматы. 07.10.2020.

Abai.kz

30 пікір