Жұма, 29 Наурыз 2024
Әне, көрдің бе? 4076 6 пікір 7 Қазан, 2020 сағат 21:51

Жээнбековтің үндеуі. Қырғыз премьері кім болады?

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков бүгін тағы да үндеу жасапты. Жээнбековтің кезекті үндеуі «president.kg» сайтында жарияланған.

«Құрметті мекендестер!

Қырғызстан қазір ең күрделі кезеңді бастап өткізіп жатыр.  Ешбір билік, ешбір лауазым адам өмірінен қымбат емес! Сол себепті де, «Ақ үйді» басып алған кезде мен ешбір адамның өміріне қауіп төндірмеу үшін күш қолдануға тапсырма берген жоқпын. Маған сол кезде-ақ, наразылыққа шыққан жұртты күшпен басып тастау туралы ұсыныстар айтылды. Бірақ, мен олай жасамадым! Олай еткен жағдайда нағыз қақтығыс болар еді. Міне, сондықтан да мен елде Төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойған жоқпын.

Өңірлерде мені қолдап митингіге шықпақшы болған азаматтар аз болған жоқ. Мен олардан митингіге шықпауды өтіндім. Себебі, осы күндері халықты бөліп-жарудың қаншалықты қауіпті екенін өз көзімізбен көрдік.

Құрметті отандастар! Кім қызмет алғысы келді, олар дегеніне жетті!

Енді олар көшелерде шерулетіп жүрген өз жақтастарын тоқтатуы керек. Мен олардың (наразылық акцияларын) ұйымдастырушылар мен саяси лидерлерін тағы бір мәрте құқықтық алаңға (келіссөзге) шақырамын.

Мен бүгін өздерінің азаматтық құқықтарын табандылықпен қорғап шыққан жастарға ерекше алғыс айтқым келеді. Түні бойы көз ілмей, бейбітшілікті сақтап қалу үшін ауқымды іс атқардыңыздар! Осы үшін сіздерге алғыс айтамын!

Осы күндері кімге ненің қымбат екенін көрдік. Бүгін біздің жастарымыз анау билік үшін күреске шыққан ағаларына лайықты түрде үлгі көрсетті! Осы арқылы сіздерге билік лауазымы емес, Қырғызстан қымбат екенін көрсеттіңіздер! Елдің мүддесі бәрінен жоғары екенін дәлелдедіңіздер!

Барлық тараптарды сабыр мен төзімділікке шақырамын. Елдің мүддесі жеке амбициядан жоғары тұратынын және бір мәрте еске саламын! Бұл тығырықтан біз бірге шығамыз!

Құрметті отандастар! Қазіргі күннің ең басты шаруасы – Қырғызстанда тұрақтылық орнату! Елді тыныштандыру!

Жаратқан өзі Қырғызға жар болсын!», - депті Сооронбай Жээнбеков.

ЖЭЭНБЕКОВ: МЕН ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ ЛЕГИТИМДІ ПРЕЗИДЕНТІМІН!

Естеріңізге сала кетейік, бұл жалпыхалықтық «төңкеріс» басталғалы бергі Қырғызстан президентінің екінші жедел үндеуі. Алғашқы үндеуін 6 қыркүйек күні жасаған еді. Ол кезде Жээнбеков Қырғызстандағы барлық саяси күштерді келіссөзге шақырған.

Бұдан бөлек БАҚ-қа сұхбат беріп, өзінің легитимді президен текенін айтқан.

«Бұл – билікті заңсыз басып алу. Кешегі және бүгінгі оқиғалар нені көрсетіп отыр? Митингіге шыққандардың мақсаты – сайлаудың қорытындыларын жою ғана емес, елдің тыныш өмірін бұзу! Мұның барлығы – мені биліктен кетіру үшін жасалып жатыр.

Таң азаннан бері біз қырғыздар екі рет бастан өткерген оқиғалардың қайталанғанын көріп отырмыз. Біз төңкеріс жағдайына қайта оралдық. Мен мұның басында тұрған барлық тараптарға үндеу тастаймын. Мұны тоқтатуға шақырамын.

Мен легитимдімін. Легитимді президент ретінде менде құзырет бар. Мен олардың бастарын біріктіріп, әрқайсысымен жеке-жеке келіссөз жүргізуге дайынмын. Бұл менің міндетім! Мен дайынмын.

Мен бірінші кезекте елдегі жағдайға алаңдаймын. Мұндай жағдай болмауы керек еді. Бірақ, болды. Енді бұл тығырықтан шығуымыз керек», - деген Сооронбай Жээнбеков.

Айта кетейік, 4 қыркүйекте басталған жалпыхалықтық наразылықтың аяғы төңкеріске ұласқан. Митингіге шыққандар мен қарулы күштердің текетіресі 4 қыркүйекте, сағат 20:00-ден басталып, ақыры наразы халықтың «Ақ үйге» басып кіруімен аяқталды.

Счастливый Атамбаев передает народу привет — Новости политики, Новости Азии — EADaily

Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті ғимаратын басып алған демонстранттар елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты, 2018 жылы 11 жылға сотталған экс-депутат Садыр Жапаровты, бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаковты, экс-депутат Равшан Жээнбековті босатып алған.

Садыр Жапаров обнаружен с порезанными венами в СИЗО-1

Сосын Қырғыздың Жоғарғы Кеңесі (Парламенті) шұғыл жиын өткеріп,  бұрын сотталып, кеше халық босатып алған экс-депутат Садыр Жапаровты Қырғызстанның су жаңа премьер-министрі етіп сайлаған. Садыр Жапаровқа 62 депутат дауыс берген. Ал бұрынғы премьер Қуатбек Боронов отставкаға кеткен.

Қырғызстанның Парламент спикері де ауысты. Бұрынғы спикер Дастан Жұмабеков мандатын тапсырып, жаңа спикер ретінде Мықтыбек Абдылдаев таңдалған.

Жээнбекову предложили не штрафовать кыргызстанцев, а наказывать иначе

Осыдан кейін, Бішкек пен Ош халқы қайта көтерілген. Олар қамаудан босап шыққан саясаткерлердің Қырғыз билігіндегі жоғарғы лауазымдарды өзара бөліске салғанына наразы болған. Бішкектегі наразылық акциялары бүгін де жалғасып жатыр. Алаңдағы жұрт: «Жаңару», «Импичмент», «Жастарға оран беріңдер» деген ұрандар айтуда.  Бүгін кешкі сағат 17:00 шамасында наразы халық лидерлері шұғыл жиын өткізіп, 29 жастағы Тілек Тоқтоғазиевті уақытша премьерлікке тағайындағаны туралы ақпарат тарады.

Айта кетейік, 4 қазанда Қырғызстанда парламент сайлауы өтті. «Жоғарғы Кеңестің» сайлауына барлығы 16 саяси партия қатысқан. Cайлау қорытындысы бойынша бірінші орында «Биримдик» партиясы, екінші орында «Мекеним Кыргызстан» партиясы, үшінші орында «Кыргызстан» партиясы тұрған болатын. Сөйтіп сайлау есебімен келіспей, қарсы болған халық митингіге шықты.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1579
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3606