Дүйсенбі, 19 Сәуір 2021
Билік 776 0 пікір 30 Қыркүйек, 2020 сағат 16:32

Президент қыркүйекте қандай Заңдар мен Қаулыларға қол қойды?

Abai.kz ақпараттық порталы тұрақты түрде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдап, қол қойған Заңдарға, Заң жобалары мен заңдық күшке ие Қаулыларға шолу жасап келеді.  Осы ретте, Қазақстан президенті қыркүйек айында қандай заңдарға қол қойды? Қандай Қаулылар қабылдады? Біз шолып шыққан едік.

Заңдар

30 қыркүйекте:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері туралы Заңға өзгертулар мен толықтырулар енгізу» туралы Заңға қол қойды.

Қаулылар

7 қыркүйекте:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мелекеттік сыйақысының көлемін ұлғайту туралы Жарлыққа қол қойды.  Ол бойынша бұдан былай Елбасының мәдениет саласындағы 75 мемлекеттік стипендиясы 55 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөшлерінде тағайындалатын болды.

ҚР Президентінің Орталық атқарушы орган басшыларының, жергілікті әкімдер мен ЖОО ректорларының халыққа есеп беруі туралы 2016 жылғы Жарлығына өзгерістер енгізілді. Ол бойынша ендігіде Орталық атқарушы орган басшылары түгелдей халыққа есеп беруі міндетті болады.

Жаңадан енгізілген өзгерістерге сәйкес, атқарушы орган басшыларының есебі жылдың екінші тоқсанында өтуі тиіс және есептік жиындар әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарда, БАҚ-та онлайн режимді насихаттаолуы тиіс.

Міндетті есеп беру талабы – Орталық ақарушы орган басшыларына (министрліктер мен департамен, агенттік басшыларына), ауыл, аудан, қала, кент, облыс және республикалық маңызы бар қала басшыларына, Ұлттық компаниялар мен мемлекеттің қатысуынсыз жұмыс жасайтын холдинг басшыларына қойылып отыр. Ескерте кететін бір жайт, бұл талап – ҚР Қорғаныс және Сыртқы істер министрліктеріне қойылмаған.

8 қыркүйекте:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Конституциясының 44 бабының 5-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстанда жаңадан – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құру туралы қаулы қабылдады.

Жаңадан құрылған агентік стратегиялық жоспарлау және мемлекеттік статистикалық қызмет салаларының функциясын және реформаларды әзірлеу, жүзеге асыру барысына мониторинг жасау атқаратын болады. Оның құрамына ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бірнеше өкілеттігі берілген.

Бұдан бөлек Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылды.

Аталмыш агенттік нарықтағы бәсекелестікті қорғау, монополияның жолын кесу, мемлекет  монополия саласына жатқызған қызметтерді бақылау т.б. қызметтерді атқаратын болады.

9 қыркүйекте:

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі қайта құрылды. Мемлекет басшысы ҚР Конституциясының 44 бабы, 3-тармақшасын басшылыққа ала отырып, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құру туралы қаулы қабылдады. Аталған министрлік бұған дейін ҚР Ішкі істер министрлігінің құрамында болған.

14 қыркүйекте:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқөаев ҚР Президенті жанынан Реформалық кеңес құру туралы Қаулы қабылдады.

17 қыркүйекте:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда тексерулер мен профилактикалық бақылауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы 2019 жылғы Жарлыққа өзгерістер енгізді.

23 қыркүйекте:

Өзбекстанның Самарқант қаласында Қазақстанның Бас консулдығын ашу туралы қаулы қабылдады.

Тағайындаулар

2 қыркүйекте:

Бағдат Мусин ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне тағайындалды.

Арман Исағалиев Қазақстанның Каратдағы Төтенше және өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Қайрат Лама Шариф Қазақстанның Мысырдағы Төтенше және өкілетті Елшісі боп тағайындалды.

Ерлан Әлімбаев Үндістандағы елшілікпен қатар Шри-Ланкадағы, Бангладештегі, Непалдағы, Бутан мен Мальдивтегі елшіліктерді де бірге басқаратын болды.

Жәнібек Әбдірашов Венгриядағы елшілікпен қатар, Солтүстік Македониядағы елшілікті басқарады.

3 қыркүйекте:

Дмитрий Малахов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

11 қыркүйекте:

Юрий Ильин ҚР Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды.

14 қыркүйекте:

Қайрат Келімбетов ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Серік Жұманғарин ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Сума Чакрабарти ҚР Президентінің экономикалық даму мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі болды.

24 қыркүйекте:

Мәди Такиев ҚР Президенті әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

30 қыркүйекте:

Қайрат Омаров Қазақстанның Австриядағы Төтенше және өкілетті Елшісі қызметіне ауысты.

Асқар Жұмағалиев Қазақстанның Нидерландыдағы Төтенше және өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Мағжан Ілиясов Қазақстанынң БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі болды.

Abai.kz

0 пікір