Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Билік 2408 1 пікір 1 Қазан, 2020 сағат 15:18

Сенатор: Құс тұмауынан жойылған үй құстары үшін өтемақы төлену қажет

Сенаттың жалпы отырсында сенатор Дүйсенғазы Мусин құс тұмауының экономикалық залалына алаңдаушылық білдірді. Себебі, елімізде құс етінің 45 пайызы импортталатынын ескерсек, құс тұмауы салдарынан бұл көрсеткіштің өсетіні сөзсіз. Бұл отандық өнімдер бағасының қымбаттауына алып келуі мүмкін. 

Екіншіден, мұның салдары тек үй құстарының иелеріне ғана емес, мемлекет тарапынан карантиндік және ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды жүргізуді енгізуге ауру құстарды жоюға, жаппай вакцинациялауға, құс иелеріне өтемақы беруге мемлекеттік бюджетке қосымша салмақ түсіреді.

Оған қоса, депутат АШМ-ның тиісті комиссиялар кей шаруашылықтарда құс шығынының технологиялық, өндірістік себептерін анықтауда, құс тұмауынан өлген құстардың нақты санын есептеуде қателіктерді анықтағанын айтып отыр.

«Ауыл шаруашылығы министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, Қазақстанның бірнеше өңірінің 117 елді мекенінде індеттен 576 мың бас әр түрлі құстар өлген. Ал, Қазақстан құс өсірушілер одағының мәліметтері бойынша, құс тұмауынан Солтүстік Қазақстан облысында 2 құс фабрикасында 768,8 мың бас және Қостанай облысында бір құс фабрикасында 360 мың бас құс шығыны тіркелген. Тек үш құс фабрикасында қырылған құстың саны 1 млн. 128 мыңнан асқан», – дейді сенатор.

Осыған орай Д.Мусин өз депутаттық сауалында құс тұмауының өршу себептеріне, тиісті ветеринарлық іс-шаралардың орындалуына тексеру жүргізу, құстарға міндетті вакцинациялау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, індет салдарынан жойылған үй құстары үшін нарықтық құны бойынша өтемақы төлеу, жұмыртқа өндірудің көлеміне қарамастан, барлық құс фабрикалары үшін бірыңғай норматив белгілей отырып, субсидиялау Ережелеріне өзгерістер енгізу және ветеринарлық препараттарды мемлекеттік сатып алуды оңтайландыру және үй құстарын сақтандыру бағдарламасын әзірлеуге қатысты өз ұсыныстарын жеткізді.

ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі

Abai.kz

1 пікір