Сенбі, 20 Сәуір 2024
Тарих 11746 19 пікір 1 Қазан, 2020 сағат 11:56

Шыңғыс хан және оның ұрпақтары...

(Әлем ғалымдары мен жазушыларының зерттеулерінде)

Шыңғыс ханның қыпшақ-қазақ екендігін әлемдік зерттеушілер мен ғалымдардың, жылнамашылардың жазғандарына қарап-ақ білуге болады. Мәселен, орыстың зерттеуші ғалымы, академик В.Федотовтың «Записки о границах окружающие государствами Россий» деген зерттеу кітабында былай делінеді: (93 бет, 1997 жыл)

«…В современной Монголии, хотя они называют себя монголами, фактически они принадлежат народам Бурятии. Когда-то русские установили границу, народ бурят раскололся на две части, лесные и степные. У них общие традиции, обычаи, язык и даже одинаковая одежда. Оба народа веры будды. Их население очень малочисленно. Слово «Мон-голл» является китайским словом. В переводе как «скотники».

Бурят-монголы не могли выступать против других государств, таких как великий Китай и других империй. Поэтому буряты в данное время (монголы) не в состоянии были тогда образовать мировую державу, так как они были очень малочисленны.

А Чингис хан и подчиняющиеся ему роды, племена были только кипчаками. Они говорили на кипчакском языке (древнеказахском языке), - дейді.

Сонымен қатар, көрнекті жазушы және танымал зерттеуші ғалым Р.Храпачевскийдің «Военная держава Чингисхана» - атты зерттеу кітапында, мынандай жолдар бар:

...Собственно монгольская письменность сложилась только в XVII веке. Так что никаких «современных Чингисхану» монгольских летописей в природе не существует. Есть на свете два варианта «древней монгольской истории» : «Сокровенное сказание» и «Алтан тобчи». Давайте присмотримся…

«Сокровенное сказание» (представляющее собой лишь часть книги «Алтан тобчи»), или, на китайский манер, «Юань-чао биши», объявилось только в девятнадцатом столетии. В 1841 году китайский ученый Чжан Му составил сборник редких старинных сочинений и легенд о кочевых племенах кипчаков Великой степи , затем  в 1848 году напечатал его – и это- то печатное издание и попало в руки к знаменитому китаеведу Палладию Кафарову, привезшему его в Россию.

Никаких оригиналов «Сокровенного сказания», никаких более-менее старых рукописей обнаружить так и не удалось. Самая «древняя» рукопись относится опять- таки к первой трети девятнадцатого столетия…

Сондай-ақ, кітаптың тағы бір жерінде:

«...Одним словом, мы вплотную подошли к простому, чуть ли не примитивному вопросу: а кто у нас к XIII веку в Азии обладал опытом государственного строительства, создания профессиональной армии, управленческого аппарата, организации больших масс людей на военные или «народнохозяйственные» проекты?

Ответ и искать не нужно, он лежит на поверхности.

Конечно же, кипчаки. Имевшие за плечами многовековой опыт каганатов, опыт государственности, эль (ел). Богатейший опыт!

Насколько с точки зрения реальной экономики, военной истории, техники и политики самым что ни на есть сомнительнейшим кандидатом на роль объединителей Великой Степи предстают монголы, настолько же подходящим – кипчаки.»

Көрдіңізбе,  олар анық-қанығын зерттеп қалай жазған!  Біздің ғалымдарымыз бен жазушыларымыз осылай нақты үңіліп, салыстырып және зерттеп жазса ғой. Ескі, жалған  жолмен жүре бермей. Әйтпесе, «Алтын топшыны» ( «Алтан тобчи»)  жазған Тибеттік лама Лубсан Данзанның (XVII-ші ғасыр мен XVIII-ші ғасыр аралығында) «Моғол» сөзін «Монғол» - деп өзгертіп, ойдан көп нәрсені қосып жазған сандырағына сенуге болама? Және ол Ұлы далада көшіп жүретін қыпшақ тайпаларының аңыздарын жинап, оны ішінара көп өзгертіп шығарма етіп жазған.

Сонымен, осы ғылыми зерттеу еңбегін одан әрі оқиық:

«-Перед нами, таким образом, никакой не монгол, а обычный кипчак. Знатный представитель старинного рода, не гонявшего скот по степям, а имевшего тот самый многовековой опыт государственного строительства. Наследник эль (ел) , былых каганатов. У такого человека, естественно, есть откуда взяться опыту создания армии, государства, писаных законов. И экономические возможности имеются – во всех каганатах были свои «промышленные центры». Для кипчака Чингисхана создание нового государства было не каким-то экзотическим экспериментом, а делом самым что ни на есть обычным, которым на протяжении долгих столетий занимались его предки.»  Зерттеу жұмысында   осылай, ап-анық жазылған.

Сонымен қатар, Д.Уэзерфордтың «Чингисхан и рождение современного мира.» деген кітабында, әлем таныған  Шыңғыс  хан туралы мынандай жолдар бар:  «Чингисхан» и «Темуджин» - совершенно не монгольские имена, а тюрко-кипчакские.

Народные казахские эпосы «Алпамыс батыр» , «Кобланды батыр», «Ертаргын» и другие, что называется… в упор не видят никакой такой «великой монгольской империи». Согласно этим эпосам, у средневековых кыпчаков было только два серьезных противника, с которыми они постоянно боролись: это китайцы и кочевые племена калмыков, как раз и обитавших тогда в районе современной Монголии. Современные монголы – это лесные населения,   появившиеся на этой земле только несколько веков спустя.»,- дейді.

Біздің сұрайтынымыз, алдағы уақыттарда Шыңғыс хан және оның ұрпақтарын зерттеп жазған ғалымдарымыз бен жазушыларымыз ештенеден сескенбей, жасқанбай салыстыру арқылы талдап, өзге ел азаматтары секілді дұрыс жазса екен дейміз.

Шыңғыс ханның немересі Құбағұл (орыс, қытай жылнамашылары өз тілдеріне жақындатып Хулагу деп жазып келген) Ұлы атасы Шыңғыс ханның тақтан кеткеніне жиырма жыл өткен соң, өсіп, жетіліп соғыс өнерін әбден үйреніп, шеберлігін арттырып, ұлы хан Мөңкенің тұсында әрі соның рұқсатымен Персияны (Иран) жаулауға аттанады. Яғни айтқанда, қазақ батырлары жырындағы Қызылбастар еліне. Құбағұлдың әскеріне Дешті Қыпшақ жерінен Батыл хан (Бату) мен Шағатай ұлысынан жіберілген түмендер қосылды. Қалың әскер Құбағұлдың басқаруымен 1253 жылы Ұлы Дала елінен (қазіргі Қазақстан аумағы)  Персияға бет алды. Жолай біраз елдерді басып алған Құбағұл 1258 жылы Персияға жетеді. Осман түріктерінің кезінде күші жетпеген, Қызылбастар елін қыпшақтар көп қиындықсыз жаулап алды. Ең әдемі, көрікті қаласы Тавризді империя орталығына айналдырады. Персияға жорық жолында Құбағұл Кавказ елдерін, қолөнері дамыған Әзірбайжан сұлтанатын өзіне қаратып алған еді.

Аббасидтер халифатын құлатып, халифтің өзін патша әулетінен болғандықтан кілемге орап, екі жағында тұрған әскер өлгенінше ұрғылады. Сонымен, қыпшақ-қазақтардың тағы бір жаңа империясы  пайда болды (осы ұлы империяғада көңіл аударған дұрыс). Оған батысында: Ирак, (Вавилония) оңтүстігінде Фарс өңірі және Персияның шығысындағы Хорасан қаласы мен оның атырабы, сондай-ақ Медее жерлері (қазіргі Армения, Әзірбайжан әрі Грузияның бір бөлігі) кіретін. Осымен қатар, Ұлы  Шыңғыс хан немерелерінің ішінен, Дешті қыпшақ жерінің тайпаларын біріктіріп, Русь пен Еуропа елдерін жаулап алып, Жолшының ұлы Батыл хан Алтын Орда империясын құрса, екінші бір немересі Құбағұл Кавказ бен бүкіл Кіші Азияны уысына алып, Құбағұл империясын (империя Хулагу) дүниеге әкелді. Тағы бір немересі Құбылай княздіктерге бөлініп кеткен Қытай елін біріктіріп, 35 жыл патшалық құрды. Ал Шағатай билеген Орталық Азия ондай ұлы дәрежеге жете қойған жоқ.

Тек Найман тайпасының тармағына жататын Барлас руынан  шыққан Әмір-Темір  ғана Орталық Азия елін бір уысқа жинай білді, сонан соң барып бүкіл Шығысты; Үндістанымен қосып, Египет патшалығына дейін жаулап алды. Аздап арабтар болмаса, шаңға аунап жататын, кір мен қоқыстың арасында өскен үнді халқы қарсылық көрсете алмады.

Тавриз қаласы Туран жеріндегі ең ірі қала болатын. Құбағұлдың (Хулагу) тұсында Тавриз қаласына саудагерлер, елшілер, құлшылық етушілер Константинопольден (Ыстамбұл), Сириядан, Қайырдан, Дамшықтан, Үндістан мен Бағдаттан өте көп келетін. Бұл сауда-саттықтың өсуіне, қаланың дамуына үлкен әсерін тигізді.

Құбағұл империясының экономикалық және мәдени дамуы XIII ғасырда оның немересі Қазанның тұсында шарықтау шегіне жетті. Қыпшақ-қазақтардың ұлы хандарының ішінде осы Қазан хан бірінші болып мұсылман дініне кірді.

Қыпшақтың Қият тайпасынан шыққан (бұл тайпаға қазақтың қазіргі көптеген рулары кіреді мысалы: тобықты, жауырыншы, айдын, байжігіт, көн қатаң, кердері, төлеу, рамадан, жағалбайлы,тама және уақ т.б. ) Шыңғыс ханның құрған империялық тағына ұлдары ғана ие болып келсе, оның немерелері Батыл хан (Бату) Алтын Орданы, Құбылай шүршіт елін (Қытайды), Құбағұл Кавказ бен Кіші Азияны біріктіріп, дүниежүзілік деңгейдегі империялар құра білді. Бұған санасы мен білімі және тәуекелі жетсе, қазіргі қазақ елі ашық түрде қуана білгені дұрыс-ақ еді.

Қазіргі күндері Шыңғыс ханның ұрпақтарына (оның ұлдары мен немерелеріне) әлем саясаткерлері мен  ғалымдары және тарихшылары Ұлы тұлғаның «алтын ұрпақтары» деген атауды беріп, қадірлеп әрі бағалап келеді.

Орыстың боданында үш ғасырдан аса болып, өз тарихымыздан айырылып қалған ел болғандықтан, алты алаш халқының жүріп өткен жолын, ата-бабаларымыздың ұйымдастырған Ұлы Қағанаттарын дұрыс талдап, нақты білуіміз керек-ақ. Өз деңгейімізді төмендетіп, кезіңдегі ұлы тұлғаларымызды қайдағы бір шөкімдей жұртқа тықпалап, өзімізден қызғанбайық! Бұл жадысынан айырылған мәңгүрттікке жатады.

Өз уақытында славяндарды үш жарым ғасыр бодандықта ұстағандықтан,  біз қазіргі күндері Ресей елінен  сескеніп, Алтын  Орда  империясын толық қанды  біздің мемлекетіміз, сонымен қатар, Қытайды бір жарым ғасыр өзіне тауелді  қылып бағындырғандықтан қазіргі шығыстағы  Ұлы  Қорған  иесінен  қаймығып,  Шыңғыс ханды ашық түрде біздің ата-бабамыз және қасымыздағы  қалың  өзбектің  қас-қабағына  қарап, жалтақтап, Әмір  Темірді кезіндегі  Найман тайпасының азаматы еді   деуге осы уақытқа дейін жасқанып келеміз. Осылай жалғаса бермек пе? Бұлар  әлемдік  империя  құрып, жер жүзіне мәшһұр болған еліміздің  ұлы  азаматтары  емес пе  еді? Біз  тек  әлемдік  дәрежеге  жете алмаған өз ішіміздегі  ұсақ хандармен және ру-тайпалардың кішігірім батырларымен ғана  шектелдік. Өкінішті-ақ!

Қазіргі көптеген қазақ  тайпаларының  атаулары  (Қоңырат, Қият, Жалайыр, Найман,  Керей,  Қаңлы, Арғын, Үйсін  т.б)  «Қазақ» және  «Монғол» («Мон-голл», қытайдың малшы немесе бақташылар деген сөзі)   сөздерінен  бұрын  пайда  болған. Осыны  ұмытпайық.

Бейсенғазы Ұлықбек

Abai.kz

19 пікір