Жұма, 29 Наурыз 2024
Қоғам 5320 2 пікір 29 Қыркүйек, 2020 сағат 12:37

Келесі сайлау қай тілде өтеді?

Келесі сайлау бірінші рет ҚР тәуелсіздік тарихында Егемендік жылдары туған, екі-үш тілді еркін меңгерген қазақ тілді электораттың басымдығымен өткелі отыр. Бірақ сайлау алды науқаны осы басты факторды ескермеген «Nur Otan» партиясының орыс тілді басымдықтағы саяси шоуына ұластып, ел арасына сына қағу басталды. 

Осы сына қағылу барысында: бір топ ешбір партияға сенбейді. Екінші топ билік партиясы «Nur Otan» қазаққа бет бұрады деген «есекдәмеде». Осы дәмедегілер өз үміткерлерін үкілеп ұсына бастады. Ең халқы көп Түркістан облысынан, қазағы мол Қызылорда, Атырау мен Ақтаудан сайланатын депутат саны ендігі жерде Параменттен көпшілік орынды алуы керек. Орыс тілді аймақтардағы депутаттар саны ондағы демографиялық жағдайға байланысты екі-үш ауданнан бір депутат ұсынуға дейін қысқартылып, қысқарған орындар есебінен қазақ тілді аймақтардағы депутат саны артуға тиіс. 350 мыңнан аса халқы бар Түркістан облысының аудандарынан бір депутат сайланса, 25-35 мың тұрғыны бар орыс тілді өңірлерден де бір депутат сайланатын баламалық принципі қайта қаралуға тиіс. 

Жергілікті сайлау комиссияларының төрағалары мен құрамы тек қана мұғалімдер мен «Nur Otan» партиясының мүшелерінен тұратыны халықтың сенімсіздігін тудырады. Бұл үрдіс өзгереді деген сенім де жоқ емес.

Жергілікті ұлтқа діни және милети өз партиясын құруға заңмен тыйым салынғаны бір бөлек, қазіргі билік партиясынан тұратын шенеуініктер бір кездері КСРО кезіндегідей жаңа партия құрам деушілердің жолын кесіп отыр. Міне, осы жағдайда, ұлтымыздың алдында бір ғана жол тұр. Ол – бөлініп жарылмай не «Ауыл», не «Ақ Жол» партияларын қазақ тілді партияларға айналдыру. Қазақ моноұлтты мемлекетін құру үшін ең әуелі жергілікті сайлау комиссияларының төрағалары мен құрамы тек «Nur Otan» партиясының мүшелері болатын кесірлі құбылыспен күресіп, басқада тіркелген партиялардың мүшелерінен ғана тұруына қол жеткізу. Бұл құрам өзгермей ешбір сайлау адал өтпейді. 

Әлем елдерінде көп партия болса да, тек екі партия ғана бірін-бірі алма-кезек алмастырып отырады. Заң аясында не «Ауыл»,  не «Ақ Жол» партиясының маңына топтасып, «Nur Otan» партиясының бүгінгі үстемдігінен айыру үшін ашық күрес ашу уақыт талабы. Қазір жұртқа белгілі елге танымал тұлғалар «Nur Otan» партиясының праймериздік додасына бір-бірімен таласа-тармаса түсуде. Егер олар неге халықты не «Ауыл»,  не «Ақ Жол» партиясының маңына топтасуға шақырмайды? «Nur Otan» партиясы осы уақытқа дейін отарсыздану, сәбетсіздену әм қазақтандыру бағытында не істеді? Қандай қателік жіберді? Болашақта оны түзей ме? сынды сұрақтарға жауап іздеуге осы бастан неге кіріспейді?

Бұрынғы сайлаулар қазақтардың белсенділігі төменділігімен өтті. Ендігі сайлау биліктен де, оған қатысатын партиялардан да қазақ тілді сайлаушыларға қатысты тек адалдық пен ақиқаттың ақ жолынан аттамауды керек етеді. 

Бұған әзірше қазақтың үмітін ақтамаған ҚКХП мен «Nur Otan»-нан және қазақ үшін үміт отын жаққан «Ақ Жолдан» басқа, бұған дейінгі сайлауда Парламент төрінен орын ала алмаған өзге партиялар дайын ба???

«Қай партия қазаққа жақ, сол партияның жүзі жарық» деген қағиданы саяси аренада ескеретін кез туды. 

Әбіл-Серік Әлиакбар

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3563