Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4639 0 пікір 31 Желтоқсан, 2011 сағат 17:50

2011. Әлем

Азғана уақыттан кейін аяқталатын жыл әлем үшін төңкерістер мен шерулердің, қаржылық дағдарыстардың жылы болды. Дүниені дүбірлетіп, дүр сілкіндірген «Араб көктемі» 43 жыл ел билеген Мысыр президенті Хосни Мүбәрәкті тақтан құлатып, 40 жылдан астам Ливияны ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған Муаммар Каддафиді төңкерісшілердің қолынан о дүниеге аттандырды. Жер жаһанды шарпыған шерулер мұнымен толастамай, Сирияны отқа орады. Мұндағы атыс-шабыс әлі толастаған жоқ.

Қырғыз елі де Ақаевтың артынан Бакиевті қуып жіберді. Ала-Тоодың алаңын шаң қылып, өзгерістердің құрбаны болып, талай қырғыз көз жұмды.

Өзін дүниеге үлгі етіп көрсетіп, өзгелерге жол сілтегенді жаны сүйетін Еуропа да биыл шатқаяқтады. Францияда мұсылман елдерінен қоныс аударушылар наразылық білдіріп, біраз дүниені астан-кестен етті. Британияда да наразылық шеруіне шыққандар өкіметтерін біраз әбірге салып, дүние-мүлікті қиратты. Бірақ, кәрі құрлықта біздегідей оқ атылмады.

Жыл соңында Дума сайлауының өткізілу барысына қарсы шыққан Ресей бұқарасының әрекеті де көрші елдің саяси жүйесі саудырап тұрғанын, орыстар өзгерісті қалайтынын тағы бір рет паш етті. Мұнда да оқ атылмады.

Қоян жылы Жапон еліне де оңай соқпады. Алапат сунами, жер сілкінісі, Атом станциясындағы жарылыстар Шығыстың шынары болып келе жатқан мемлекетке ауыр тиді.

Дүниенің екі тізгін бір шылбырын қолына ұстамаққа әр кез талпынатын Америка да осы жылы өз басымен әуре болды. АҚШ-ты дефольтқа ұшырата жаздаған қаржы дағдарысы Ақ үй түгілі барша әлемді әбіргерге салды. Ақыры, оның да оңтайлы жолын тапқандай болды. Алайда, түбегейлі тынған іс жоқ.

(Әлемде болған ірі оқиғалар жөніндегі мақалаларды мына сілтемелерден оқи аласыздар: http://old.abai.kz/node/7257, http://old.abai.kz/content/ai-zharym-uakyt-d-nienin-zhyrty-mysyrdan-koz-almai-otyrdy, http://old.abai.kz/content/ozin-olmestei-korgen-diktatorlardyn-akyry, http://old.abai.kz/content/kaddafi-kelmeske-ketti, http://old.abai.kz/node/3578, http://old.abai.kz/node/3587, http://old.abai.kz/content/eli-sekel-kyrmanbek-bakiev-direktor-atandy, http://old.abai.kz/content/duman-anash-zilzala-ortasynan-kelgen-kazaktar, http://old.abai.kz/node/946, http://old.abai.kz/content/resei-tonkeriske-tirelip-tyr)

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3559