Жұма, 19 Сәуір 2024
3174 0 пікір 28 Қыркүйек, 2020 сағат 16:31

Бүгін Алматыда жылыту маусымы басталады

Алматыда 28 қыркүйектен бастап жылу беріледі. Бұл туралы қала әкімдігінің өкілдері хабарлады. 

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша жылыту маусымы бүгін, 28 қыркүйектен басталады.

Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының мәліметі бойынша жылу желілері мен жылумен қамту жүйелері 100 пайызға дайын.

«Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес бірінші кезекте жылуға әлеуметтік нысандар қосылады. Балабақшаларға, мектептерге, денсаулық сақтау нысандарына бүгіннен бастап, жылу толық  беріледі. Тұрғын үйлер ағымдағы апта ішінде жылу жүйелеріне қосылады

Қалада барлығы білім берудің - 144, денсаулық сақтау саласының 133 нысаны және орталық жылу жүйесіне қосылған 8024 көппәтерлі үй бар», - делінген хабарламада.

Abai.kz

0 пікір