Сенбі, 27 Сәуір 2024
4230 10 пікір 26 Қыркүйек, 2020 сағат 14:07

Ресей тауарларынан коронавирус анықталды

Сауда кемелері арқылы Ресейден Қытайға жеткізілген өнімдерден коронавирус анықталды. Сол себепті Қытай тарапы екі кемеден жүк қабылдауды тоқтатқан. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды. 

Мәліметтерге сәйкес, вирус өнім үлгілері мен сыртқы қаптамалардан табылған.

«Шаньдун провинциясында эпидемияның алдын алу мен бақылау және экономикалық қызмет жөніндегі басқарушы топ Ресейден әкелінген өнімдердің сыртқы қаптамасынан және су өнімдерінен нуклеин қышқылдарына алынған үлгілердің тест нәтижесі оң көрсеткенін хабарлады» , - делінген Ресей Федерациясының бас кеден басқармасының хабарламасында.

26 қыркүйектен бастап ел бойынша кеден органдары Vladimir Starzhinsky LLC ROLIZ балық аулау кемесі мен Crystal Africa көлік кемесінің импорттық декларацияларын қабылдауды тоқтатты.

Құжаттарда көрсетілген мерзім өткеннен кейін, оның қолданысы қайта ұзартылады.

Abai.kz

10 пікір