Жұма, 29 Наурыз 2024
4153 2 пікір 25 Қыркүйек, 2020 сағат 16:14

Тоқаев: Пандемияның екінші толқынына дайын болайық

Президент Алматыдағы И.Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына барған сапарында пандемияның екінші толқынына дайын болу керектігін айтты. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Медицина қызметкерлерімен кездесу барысында Мемлекет басшысы коронавирустың ықтимал жаңа толқынына дайын болудың маңызды екенін атап өтті. Осы ретте азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін барлық ресурсты жұмылдыру қажеттігін айтты.

Қазір бүкіл әлемдегі жағдай күрделі. Еуропа мен Америкада коронавирустың екінші толқыны өтіп жатыр. Осындай жағдайда біз қырағылық танытып, дайын болуымыз қажет. Пандемияның бірінші толқынынан жақсы сабақ алдық. Бұл тәжірибенің пайдасы болады. Әрине, қиын болды, қателіктер жіберілді, соның ішінде, Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан да ағаттықтар кетті. Бұл қателіктерді жұмыс барысында жөндеуге тура келді. Дегенмен, кез келген тәжірибенің, тіпті ауыр болса да, пайдасы бар.  Сондықтан екінші толқынға дайын болайық. Содан кейін бүкіл дүние жүзімен, халықаралық қоғамдастықпен бірге барлық қиындықты лайықты түрде еңсеруге тиіспіз, – деді Президент.

Сонымен қатар, Президент ұлттық денсаулық сақтау саласын одан әрі дамыту, медициналық мекемелерді қажетті құрылғылармен жабдықтау, төсек-орын мен инфрақұрылымды жаңарту, сондай-ақ, дәрігерлердің еңбекақысын арттыру мәселелеріне тоқталды.

2023 жылға қарай медицина қызметкерлерінің еңбекақысын бүкіл экономикадағы орташа жалақыдан екі есе жоғары деңгейге жеткізу міндеті қойылады. Алғашқы медициналық санитарлық жәрдем беру ісін дамытуға баса мән беріледі. Өкінішке қарай, біз бұл салаға уақытында назар аудармадық. Эпидемия мұндай іс-қимылдардың қате екенін көрсетті. Қазір жіберген қателіктерге дұрыс көңіл бөліп, оларды түзетуіміз керек. Әрине, медицина әрдайым басты назарымызда болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы пандемияға қарсы күрестің күрделі жағдайында атқарған қажырлы еңбектері үшін дәрігерлерге ризашылық білдірді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1580
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3606