Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
3377 0 пікір 25 Қыркүйек, 2020 сағат 14:16

Димаш саундтрегін орындаған «Авангард» фильмі жарыққа шығады

Әнші Димаш Құдайберген саундтрегін орындаған - танымал актер Джеки Чанның «Авангард» фильмі жарыққа шығады.

Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды

«Таяу күндері мен әнін шырқаған Джеки Чанның ««Авангард» фильмі жарыққа шығады. 30 қыркүйектен бастап кинотеатрдан көріңіздер«, - деп жазды Димаш Құдайберген.

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Қытайда өткен I am Singer жобасында Джеки Чанмен кездескен болатын. Кездесу барысында Диамаш голливуд актерының иығына қазақтың шапанын жауып, қоңыр үнді домбырасын да сыйға тартқан еді.

Abai.kz

0 пікір