Сенбі, 31 Қазан 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 111492. Жазылғандар — 106187. Қайтыс болғандар — 1825
1158 1 пікір 25 Қыркүйек, 2020 сағат 14:01

Олжас Құдайбергенов жаңа қызметке тағайындалды

Олжас Құдайбергенов Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Басқарушы кеңестің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы аталған министрлік мәлімдеді.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Басқарушы кеңестің отырысында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың жағдайы мен болашағы талқыланды.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Кеңестің негізгі міндеттерін түсіндірді. Бұл Министрліктің қызметін бағалау және жетілдіру бойынша ұсынымдық шешімдер әзірлеу.

Кеңес төрағасы болып экономист, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың мониторингін талдау орталығының мүшесі Олжас Құдайбергенов сайланды.

Күн тәртібі бойынша Ұлттық экономика вице-министрі Айгүл Шайымова сөз сөйледі. Оның айтуынша, сапа мен тиімділікті арттыру үшін мемлекеттік аппаратты басқарудың құзыреттілік тәсіліне көшіру жоспарлануда. Бұл ұйымдық құрылымға икемділік береді және мемлекеттің экономикалық күн тәртібінің трендтерін ескере отырып, мемлекеттік органдар құрылымында «жұмсақ» департаменттер құруға мүмкіндік береді.

Отырысқа қатысушылар қойылған міндеттерді нәтижелі шешу үшін мемлекеттік органдардың кадрлық әлеуетін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар жасады.

Ұлттық экономикалық ведомство басшысы Руслан Дәленов ұсынылған шараларды іске асыру тетігі жаңа экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша нәтижеге қол жеткізуге бағытталатынын атап өтті. Құзыреттілік тәсіл қабылданған шешімдердің тиімділігін арттырады. Өйткені басқарушылық шешімдер қабылдаудың тек бір ғана деңгейі болады.

Abai.kz

1 пікір