Сенбі, 20 Сәуір 2024
3680 0 пікір 25 Қыркүйек, 2020 сағат 13:28

Президент Тоқаев Алматыға келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. 

Сапар барысында Қазақстан Президенті қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа филиалымен танысады және медицина қызметкерлерімен әңгімелеседі. Сонымен қатар білім беру орталығын, индустриялық және инфрақұрылымдық нысандарды аралап көреді деп жоспарланған.

https://www.facebook.com/100003403233694/videos/3193275687462508/?extid=TS1NRfqX2qq0ZHma

Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда қоғам қайраткерлерімен және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесу өткізеді.

Abai.kz

0 пікір