Сәрсенбі, 21 Қазан 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 109766. Жазылғандар — 105301. Қайтыс болғандар — 1796
Әңгіме 1630 0 пікір 25 Қыркүйек, 2020 сағат 13:17

Қара бала 

(әңгіме)

Қосарай қаласының тап ортасындағы әкімдік үйінің алдында, тәу заманнан бері қала халқы дем алатын көлемді саябақ бар. Мұсылмандардың Құрбан айт мерекесінің үшінші күні әдемі бір әйел үш-төрт жастар шамасындағы баласын жетелеп, осы саябаққа кіре берді. Демалыс күн болғандықтан ба, адам көп екен. Отырар орынның біразы бос емес. Серуендеп сейіл құрып жүргендер де жетіп артылғандай. Баққа кіре бере әйел тусыртындағы тоғыз қабат ғимаратқа жаутаң-жаутаң етіп бір екі рет қарады. Көкірегінде бәрі сайрап тұр. Қай жылы, қай қабатта отырғаны, басшыларының мінез-құлқы, жұмыс әдістері бәрі-бәрі есінде. 

- Виталий Сергейұлы деп аталатын басшысы төңірегіне көрікті әйелдерді жинағыш еді. Құдды бір гарем сияқты. Өзі келбетті, әрі шет тілінің маманы болғандықтан бұл да элита ортасына жастайынан тап болды. АҚШ-тан бір делегация келгенде аудармашылығымен бірден көзге түсті де әкімдік мұны мектептен жұлып алып өз қатарына қосты. Әуелі жұмысты офис-менеджерден бастады. Әйтсе де көбіне іскерлік кездесулерде жүретін. Тіпті аудармашы болмағанның өзінде қонақасыларда қызмет көрсетеді. Басты себеп - келбеттілігі, тез тіл табыса алатын сергектігі тағысын тағылар. Ресми аты-жөні Сағила Беймұратқызы. Қатарластары оны еркелетіп "Сакуша" дейді. 

Сол Сакуша баласын жетелеп әрі-бері жүрді де бақтың түпкі жағындағы жалғыз әйел отырған бір бос орынға жайғасты. Анау әйел екеуі ауыздары жыбырлап амандасқандай болды. Әйел жетпісті алқымдап қалған, екі жағы суалып, бетін әжім басқан кексе кісі екен. Екі көзі жаутандап, бұған бір, баласына бір қараумен болды. Бұл қарастың мәнін Сакуша бірден түсінді. Бала өзгеше, шашы бұйра-бұйра, өзі көмірдей қап-қара. Тура сойып қаптап қойған африкалық. Тілі қазақша ана-мынаны сұрап тақылдап тұр. Кексе әйел: "Алда құдай-ай, мына бейшараның қызы ойнақтап жүріп от басқан болды ғой, немересі болуы керек. Анау қара халықтан тапқан шығар" деп ойлады. Сакуша сыр берген жоқ, үндемей отыра берді. Кексе әйелдің шыдамы таусылды. 

- Қарағым-ай, сұрауға ұялып отырмын, балаңның түрі өзгешелеу екен, - деп күмілжіді. 

- Иә, бәйбіше көрініп тұрған соң несіне жасырайын, түрі өзгеше екені рас. Әйтседе қазақтың қалпын қанына сіңіріп жатырмын. Есімі  Алдан, мен өмірден алданған, адасқан жанмын. Сонан соң атын осылай қойдым. 

- Тек, онысы нес, - деді кексе әйел шошып кетіп, - өзің таптың ба?!

- Иә, бәйбіше өзім, - деп кібіртіктеді Сакуша.

- Недейді жүзі қара, оған қалай дәтің барды?! Өзің жаста емессің, құдайдан қорықсаң еді! Кексе әйел шошып кетіп орындықтың шетіне қарай жылыстай берді. Арада ауыр үнсіздік орнады. Бірталайдан кейін Сакуша 

- Білгіңіз келсе мәнісін айтып берейін, - деді. Кексе әйел жаулығын жоғары түріп, жақындап келіп құлағын тосты. 

- Оқиға былай болған еді - Мектепті бітіргенен кейін қазақ жастары көп аса бара бермейтін Алматының «Иняз» -ына түстім, - деп бастады әңгімесін Сакуша. Алғашқы екі жылым кітаптан бас алмай оқып, өзіме таныс емес тілді тиянақты меңгеруге жұмсалды. Ұстаздарымыз да әр сөзді миымызға шағып құйғандай үйретіп, сапалы білім берді. Үшінші курста ауызша әжептәуір сөйлеуге, шет елдің газет-журналдарын емін еркін оқуға жарап қалдық. Бұл жетпісінші жылдардың аяқ кезі ғой. Алматыда шет елдің студент- жастары баршылық еді. Көшеде, кейде саябақтардағы би кештерінде солармен кездесіп қалып жүрдік. Тіл білген соң емін еркін сөйлесе береміз. Сырт елден кедей-кепшіктің емес, біріңғай байдың балалары келеді ғой. Олар кереметтей киінеді, ақшалы. Сол жылдары Алматыда джинсі шалбар, бетке жағатын опа-дала, француз духиі сияқты ұсақ-түйектер көздің құрты болды. Қыз емеспіз бе, киім кигіміз келеді, әдемі көрінгіміз келеді. Курсымызда аса сұлу екі қызымыз болды. Оның біреуі Шымқаладан еді. Өзбек ағайындармен шатысы бар ма, білмеймін ол соншалық нәзік мүсінді, нағыз ботагөз қыз. Екінші, қызымыз, солтүстік жақтан болды. Оның енді фигурасы естен тандыратын. Өзі аса ашық, спортпен айналысқан батыл. Мен арқаның бидай өңді дейтін қара торы қызымын ғой. Алматыға келген соң бетім ағарып, кеудем көтеріліп, бөксем  жұмырлана бастады. Әу бастан бойшаң, аяғым түзу болатын. Ағылшынның ақ джинсіин киіп, көзімнің айналасына қоңырқай рең беріп, бетіме шамалы опа жаққанан кейін нағыз сұлудың өзі болып шыға келдім. Шет елдік екі-үш студентпен жақын танысып, ұсақ-түйек алып жүретінбіз. Бір күні  қыздар: «Мыналар пәтерге шақырып отыр, көп заттар әкеліпті өлшеп көрейік», деді. «Е, бопты барайық» - дедім менде елең ете қалып. 

Пәтерлері даңғарадай кең екен, бір бөлмені затқа толтырып қойыпты. Көзіміз шоқтай жанды. Олар әдетте арзанға, ақшамыз болмай жатса қарызға да бере беретін. Ал келіп өлшейік киімдерді юбка, копта, джинсидің сан түрі, духидің неше атасы бар. Мен екі джинси, бір духи, ерінге жағатын помада алдым. Құрбыларымда қарық болып сумкаларын толтырды. Жігіттер болса сырғауылдай бойшаң апайтөс пәлелер ғой, дастархан жайып, біздің заттарымызды жумақ болды. Шампан іштік, тағы бір сұйықтардың дәмін таттық. Олар биге шебер музыка қойылып, көңіл көтерістік. Бір кезде кескен теректей құлап түскенім есімде, әрі қарай түк білмеймін. Содан қанша жатқаным белгісіз оянсам алпамсадай негір жігіттің астында жатырмын. Иттің зілдейін-ай,  денемді жартылай әзер босатып алдым. Анау екі құрбымда екі негірдің астында ыңырсып жатыр. Керуеттері де, диван да гүп-гүп, сықыр-сықыр. Сөйткенше менің албастым да оянып кетті. Маған бас салды, қарсыласуға дәрмен жоқ, тыржалаңашпын, бұған дейін де болар іс болған сияқты. Ананы көргім келмей көзімді тарс жұмдым. Ол өліп-өшіп, жалап-жұқтап әкетіп барады. Қара бақайымнан бастап аузыма дейін бүкіл денемді күйдіріп сүйіп шықты. Бір сәтте менің "анауымды" көнтектей ернімен өбе бастады. Құдай-ай, ондайды кім көрген! Бүкіл денем балбырап, арам тәнімдегі нәпсі жыландары қуана ойнақ салмасын ба? Өзімді басқа бір тылсым дүниеге тап болғандай сезіндім. Санам дұрыс сияқты, ал денем өзіме бағынбайды. Ананың қаққан қазықтай еркек мүшесі тәніме тиген сайын соған құмартып, емешем үзіле түседі. Сезімнің тұла бойымда булағаны сондай негірдің көнтек ернін қыршый тістеп, сүйе бердім...

Бұл түн біздің жанымызға да, тәнімізге де өшпестей тағба салған қаралы түн болды. Шүберек-мүберектің құрбаны болған қазақтың сорлы үш қызы мұны өлгенше жасырыуға тырыстық, жасырдық та. Бірақ...

Оқу бітіріп елге келген соң алды-артыма қарамай алғаш сөз салған адамға тұрмысқа шықтым. Бағыма қарай күйеуім мінезі жұмсақ, момын адам болды. Мамандығы есепші, бір мекемеде әуелі қатардағы, кейін бас есепші болып істеді. Өзім әкімдіктемін. Бастығым Сергейұлы менің сауатты, жұмысқа тыңғылықтылығымды жоғары бағалап үнемі қолпаштап, көтермелеп жүрді. Тұрмысымыз жақсарып, байи бастадық. Машина алдық, пәтердің екеуін айырбастап өте жайлы бір үйге көштік. Бір қыз туып алғам. Күйеуімнің бар арманы ұлды болу. Бірақ әкімдіктегі жұмыс кедергі болып ол арман созылыңқырап кетті. Сөйтіп жүргенде жасымыз да ұлғайып қырыққа тақап қалдық. Енді шегінетін жер жоқ тәуекелге барып, бала көтердім. Қазір УЗИ бар ғой, ішімдегімді «ұл» деп көрсетті. Байымда ес жоқ, асты-үстіме түсіп, өбектеп жүр. Өзі атадан жалғыз, әрі аурущаң, ұрпақ қалсын дейтін шығар осы баланы ерекше сағынышпен күтті. 

Ай-күнім жетіп аман-есен босандым Баланың «шар» еткен дыбысын естігеннен кейін шамалы талықсып кеткен екем. Есімді жиып баланы әкеп көрсетеді ғой деп күтіп жатырмын. Сестралар зыр қағып жүгіріп жүр. Көз қиығымды салып жүздеріне қарасам біртүрлі абыржулы сияқты. Балаға бірдеңе болған екен деп жүрегім су ете қалды. 

- Сендерге не болған, ұлым қайда, неге көрсетпейсіңдер?! – деп айғай салдым. 

- Қазір, қазір дегендей болды біреуі. Жүзінен мысқыл ма, кекету ме әйтеуір бірдеңенің нышаны жалт еткендей. Мосқалдау орыс қатын құндақтаулы баланы қолыма ұстата салып, бетіме таңырқай қарады. Баланың бетін ашып қалсам, қап-қара бірдеңе. 

- Естерің дұрыс па? Менің баламды ауыстырып жібергенсіңдер ме, - деп баж ете қалдым. 

- Жоқ, бала сіздікі, - деді қатын.  Мен перзентхананы басыма көтеріп шыңғырып жатырмын. «Жоқ менікі емес, жоқ, жоқ!» 

- Құдай-ау сақтай гөр, сонда қалай болғаны, - деді манадан бері Сакушаның әңгімесін ұйып тыңдап отырған кексе әйел. 

- Иә, бәйбіше бұл адам айтса сенгісіз сұмдық жағдай болды. Сакуша кемсең-кемсең етіп, көзінің жасын сығып алды. « Арада он алты жыл өтті ғой. Он алты!» Психолог дәрігердің айтуынша менің жатырыда баяғы негірдің ұрығы қалып қойған. Өзіне қолайлы сәт туғанда ол менің ұрығыммен будандасқан. Міне, гәп қайда жатыр! 

Күйеуім де, қызым да менен безіп, теріс қарап кетті. Елдің бәрі баланы мен шет елге барып жүргенде, немесе олар келгенде ойнастан тапты, - деп шешті. 

Мұндай қорлыққа шыдау қиын. Баланы өлтіргім келіп, ваннадағы суға тұншықтырдым. Екі қолы ербеңдеп, қақалып-шашалып, су астынан өзіме бақырайып қарағанда иманым ғасыл болып, қайта суырып алдым. Бейшара зәресі ұшқаны сондай мойынымнан тасқып құшақтап, кеудеме жабысты да қалды. Ішім алай-дүлей, өзіммен өзім жиркеніп, кектеніп алғам. «Іштен шыққан шұбар жылан» деген сол, бәрібір баланы өлтіре алмадым. Ендеше өзім өлейін деп ойладым. Бірақ, мына байғұсты кімге қалдырам? Кім оны, бағады? – деп ол райымнан да қайттым. Қазір не өлі емес, не тірі емес ұяттың отына күйген бейбақ болып жүріп жатырмын, - деп Сакуша әңгімесін аяқтады.

- Алла сорлы-ай, жастық шақтағы селтеңдеудің зауалын тартқан екенсің ғой, - деп кексе әйел жөніне кетті. Сакуша құлдыраңдап ойнап жүрген баланы шақырып алып, бауырына басты. Сөйткенше болмай оның жанына бала ерткен екі әйел келіп отырды. Былшық бет, қотан аяқты сары қатын да, екі аяғының арасынан ит өтіп кеткендей тыриған арық қара қатын да аузы-аузына жұқпай сампылдап орысша сөйлеп отыр. Ара-арасында «Толик, Аскарик иди сюда» деп қояды. Сакуша: «Білсеғой, бұлар кімді тәрбиелеп жүргенін. Ертең олар рухсыз, ана тілінсіз мәңгүрт бірдеме болып шығады. Мына миғұла мүскіндер соны білмей ме? Мен бишара айдаладағы африкалықтан қазақ жасаймын деп тыраштанып жүрмін. Ал мыналар қаны да, жаны да қазақты қолма-қол орысқа айналдырып жатыр. Жаратқан жаппар ием-ай, парақорлық та, зинақорлық та, ұятсыздық та, бақұмарлық та бізде. Рухы сөнген, сана-сезімі таскерең болған бейшара, сорлы екенбіз ғой. Е, Алла өзің сақтай гөр!..." - деп ойлады. 

Серік Шайман

Abai.kz

0 пікір