Жұма, 29 Наурыз 2024
2223 2 пікір 24 Қыркүйек, 2020 сағат 11:59

Алексей Навальный ауруханадан шықты

Берлиндегі "Шарите" клиникасы ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың ауруханадан шыққанын хабарлады. Ол клиникада 32 күн жатқан.

Клиника сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, оппозициялық саясаткердің денсаулығы жақсарғандықтан дәрігерлер оны стационардан шығаруды жөн көрген.

Дәрігерлер Навальныйдың толық айығуы мүмкін, алайда удың әсері әлі ұзақ сақталуы мүмкін деп отыр.

Клиника хабарламасына сәйкес, ауруханада бір айдан астам уақыт жатқан Навальный 24 күн реанимацияда болған.

44 жастағы Алексей Навальный 20 тамызда Новосибирскіде жемқорлық туралы зерттеу жүргізіп қайтып келе жатқан жолда ұшақта жағдайы күрт нашарлап, комаға түскен. Омбы ауруханасында екі күн жатқаннан кейін туыстары мен жақтастарының талабымен Берлиндегі "Шарите" клиникасына ауыстырылған.

Германия дәрігерлері оның ағзасынан совет кезінде жасалған "Новочик" әскери уының қалдықтары табылды деген. Ал Ресей билігі "саясаткердің ағзасынан у табылмады" деген Омбы ауруханасы мамандарының айтқандарын алға тартып, неміс ғалымдарының дерегіне күмән келтіреді. Батыс Ресейден мәселеге толық түсініктеме беруді талап етіп отыр.

Бұған дейін Навальный жазылғаннан кейін Ресейге оралып, қызметін жалғастырғысы келетінін айтқан.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2279
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596