Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
3067 2 пікір 23 Қыркүйек, 2020 сағат 12:31

Трамп БҰҰ-дан Қытайды жауапқа тартуды сұрады

АҚШ президенті Дональд Трамп 22 қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас Ассамблеясының 75-отырысында видео үндеу жасады. Құрама Штаттар лидері онда Қытайды коронавирус пандемиясына қатысты халықаралық келісімдерді сақтамады деп айыптады.

Ол үндеуінде "Қытай вирусы" деген сөзді тағы қолданып, "осындай тұмауды" таратқаны үшін Бейжіңді жауапкершілікке тартуға шақырды. Трамп "Қытай індет жаңадан басталғанда, халықаралық қатынастарды жаппай, індеттің жайылып кетуіне мүмкіндік жасады" деді.

Трамп COVID-19 бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын (ДДСҰ) да кінәлады.

Трамптан кейін сөз сөйлеген Қытайдың өкілі бұл айыптауларды "негізсіз" деп теріске шығарды.

Трамп видео үндеуін Вашингтонда, Ақ үйде алдын ала жазып қойған. Мамыр айында БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш мамлекет басшыларын Нью-Йоркке бармауға, видео үндеуді алдын ала жазып қоюға шақырған.

Abai.kz

2 пікір