Сенбі, 24 Қазан 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 110086. Жазылғандар — 105493. Қайтыс болғандар — 1796
Деп жатыр 2469 13 пікір 23 Қыркүйек, 2020 сағат 12:06

Қазақ ғалымдары: Григорий күнтізбесі қате...

×àñû è êàëåíäàðü

Қазақ ғалымы Сайлыбай Бекболатов жаңа күнтізбе әзірлепті. «Хабар 24» арнасы хабарлап жатыр, әне. 

Жоба түрінде әзірленген жаңа күнтізбенің бұрынғысынан айырмашылығы және  басты айырмашылығы - жаңа күнтізбеде 13 ай бар екен.

Академик жылдар бойы көне түркі кезеңін зерттеп, соның негізінде күнтізбе құрастырған. Жаңа күнтізбенің жобасын «Жаһандық жаңалық» конференциясының қатысушылары талқылаған.

«Қолданыстағы мынау григорий күнтізбесі қате. Осының қатесін түзейік дедік. Айдың бәрі бірдей болу керек емес пе? Бір ай 28-інен, 29-ынан, 30-ынан, 31-інен аяқталады. 13 шоқжұлдыз болғаннан кейін соның жолымен жүру қажет. Бұл – табиғаттың заңы. Сондықтан бір жылда 13 ай болады деп есептедік»,- депті күнтізбе авторы Сайлыбай Бекболатов.

Сайлыбай Бекболатовтың сөзін қоштай сөйлеген академик Әділ Ахметов те қазір қолданып жүрген григориан күнтізбесінің ғылыми негіздемесі жоқ деп есептейтінін айтыпты.

«БҰҰ 1923 жылдан бері Григорий күнтізбесін реформалау жөнінде Женевада өткен Ұлттар лигасында халықаралық комитет құрған болатын. Негізгі мақсаты хаос, жалған, негізі жоқ күнтізбені реформалау еді. Сол кезден бастап 400 жоба түскен. Бірақ біреуі де қабылданбады. Біз бүгін төрт жүз бірінші жобаны ұсынып отырмыз. Бұл - бүкіләлемдік, үнемі қолданылатын, өзгермейтін күнтізбе»,- депті Әділ Ахметов.

Abai.kz

13 пікір