Жұма, 29 Наурыз 2024
1934 0 пікір 23 Қыркүйек, 2020 сағат 11:53

Нобель сыйлығын табыстау басқа форматта өтеді

Швециядағы коронавирустық жағдайға байланысты 1944 жылдан бері алғаш рет 10 желтоқсанға жоспарланған химия, әдебиет, медицина, физика, экономика саласындағы дәстүрлі Нобель сыйлығының салтанатты рәсімі өткізілмейді.

Бұл туралы іс-шараны ұйымдастырушылардың сайтында жарияланды.

«Пандемия кезіндегі қазіргі жағдай бұл Нобель сыйлығы тарихындағы бірегей жыл екенін білдіреді. Себебі медальдар мен дипломдар лауреаттарға олардың елдеріндегі елшіліктер мен университеттер арқылы қауіпсіз түрде беріледі», - делінген хабарламада.

Жаңа формат аясында Стокгольмде телевизиялық студия құрылып, оған адамдар шектеулі санмен қатысады.

Жеңімпаздардан өз университеттері немесе елшіліктерінде камера алдында тұруы сұралады, осылайша, олармен онлайн режимде байланыс орнатылады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3555