Сенбі, 20 Сәуір 2024
2615 0 пікір 23 Қыркүйек, 2020 сағат 10:57

Қазақстан Қырғызстаннан алған электр қуатын қайтара бастады

Қазақстан 21 қыркүйекте бұған дейін Қырғызстаннан алған электр қуатын қайтара бастады.

Қырғызстан Ұлттық қуат холдингінің хабарлауынша, биыл маусым және тамыз айлары аралығында Қырғызстан Қазақстанға 300 млн кВт/с электр қуатын берген. Қазақстан оны Қырғызстанға қайтарады. Электр қуатын алмасу туралы келісімді көрші елдер 23 маусымда қабылдады.

Бұның алдында қырғыз холдингінің басшысы Айтмамат Назаров Қырғызстан қыста Қазақстаннан 500 млн кВт/с электр қуатын алуы мүмкін екенін мәлімдеген. Өйткені биыл Қырғызстандағы өзендерге су аз.

Болжам бойынша, 2020 жылдың қазанында Токтогул су қоймасында шамамен 14,9 млрд текшеметр су болады. Бұған дейінгі жылдары мұнда 17-19 млрд текшеметр су жиналатын.

Қырғыз үкіметі биыл су аз болатынын жыл басында ескерткен.

Abai.kz

0 пікір