Сенбі, 24 Қазан 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 110250. Жазылғандар — 105566. Қайтыс болғандар — 1796
46 - сөз 558 4 пікір 22 Қыркүйек, 2020 сағат 13:47

Елімізге инвесторлар тартатын реформа керек

Бір жылы күзде мақта жинау науқаны басталған шақта, біздегі мақтаны сатып алу ниетімен ресейден бірәз кәсіпкерлер келген. Олардың ұсынған бағалары, жергілікті мақта заводтарынан 5-6 есе жоғары болатын. Шаруалар мұндай ұсынысты қуана қабылдап, мақталарын соларға өткізбек болып әрекеттене бастағанда, бұл іске біздердің "мақта бизнесінің" қожайындары араласып, әлгі шетелдік кәсіпкерлерді қуып жіберген.
Сөйтсек мәселе былай екен.

Шаруалардың көктемгі егіс науқанына, әлгі мақта заводы сияқты "сала бизнесінің қожайындары" қарызға қаржы береді. Күзде сол қаржыларын "бизнес қожайындары" өздері белгілеген бағамен заттай алады екен. Яғни, өнімдерін әлгілер белгілеген бағамен өткізу арқылы құтылады. Қарызынан артылған өнімдеріне алушы іздеп сандалмасы белгіліғой. Сондықтан, барлық өнімдерін солар өткізуге "ерікті түрде" мәжбүр болады.

Бұл дегеніміз шағын кәсіпкерлікті "кең тұсаумен" матап ұстау емес пе?! Дәл солай!

Ал, мұндай жүйенің жұмыс жасауына мемлекеттік саясат мүмкіндік беріп отыр.

Ауыл-шаруашылығымен айналысатын шағын кәсіпкерлерге еркін тыныстауға, қажетті деңгейде мүмкіндік берілмей отыр.

Мақта мәселесін тек мысал ретінде келтіріп отырмын. Болмаса, өзге салаларда да осындай реформалау керек тұстары жеткілікті.
Еркін сауда айналымын жасап, шетелдің қаржысын инвесторлар арқылы тікелей шаруалардың қалтасына түсетін реформалар жасамасақ, ауыл-шаруашылығын "делдал гиганттар" арқылы дамыту мүмкін емес.
Менің көзқарасымда бұл салаға үкіметтің қатынасын, әсер ету тетіктерін азайту керек. Шетелдік инвесторларды тарту бойынша үлкен жетістікке жеткен, Қытайды тағыда мысалға алуыма тура келіп тұр.

Өйткені, Қытай шетелдік капиталды тарту, тауарлар мен қызметтердің нарығында өзін сәтті көрсеткен он елдің қатарына кіреді. Мемлекеттің араласуын шектеуге қарсы болатындарға, Қытайдың еркін саудаға көшкен алғашқы бес жылдығының статистикасына көз жүгіртіп көруді ұсынамын.

Қытай экономикасына шетелдік инвестицияларды тартуы.

1990-шы жылдары Қытайдың халықаралық саясатындағы маңызды үрдістердің бірі ел экономикасына шетелдік инвесторларды тарту болып табылады. Бұл процестің дамуына тарифтер мен сауда туралы Бас келісім (ГАТТ) шеңберінде келіссөздердің "Уругвай раундының" аяқталуы, Дүниежүзілік сауда ұйымын (ДСҰ) құру, Солтүстік Американың еркін сауда туралы НАФТА келісіміне қол қоюы, бірыңғай еуропалық нарық құру ықпал етеді.

Нәтижесінде, 1990-шы жылдары өтпелі экономикасы бар елдер арасында Қытай айқын көшбасшы болды.

Мәселен, егер 1990 жылы Қытай экспорт көлемі бойынша әлемде 10-шы орын және импорт көлемі бойынша 11-ші орын алса, 2000-шы жылдардың басында Қытай экспорт бойынша 5-ші орынға және импорт бойынша 6-шы орынға көшті.

2001 жылдың қараша айында Қытай ДСҰ-ға(Дүние жүзілік сауда ұйымы) кірді. Осыған байланысты көптеген сарапшылар Қытайдың экспорт көлемінің төмендеуі мүмкін деп болжады. Әсіресе ДСҰ-ға кіргеннен кейін Қытай ДСҰ ережелеріне сәйкес, өз өнімдерін ДСҰ-ға қатысушы басқа елдерге экспорттауға бірқатар шектеулер қабылдауға және экспорттық өнімдерді өндіруге субсидия беруден бас тартуға мәжбүр болды.
Осыған байланысты экономикасында құлдырау болады деген болжамдар көп айтылған. Алайда, Қытайдың ДСҰ- ға кіруі, шетелдік инвестициялардың ішкі экономикаға ағымын сақтауға мүмкіндік берді.

2001 жылы ДСҰ - ға кіргеннен кейін ҚХР экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, жалпы ішкі өнім:

2001ж. 9731,5 млрд юань
2002ж. 10517 млрд юань
2003ж. 11690 млрд юань
2004ж. 15988 млрд юань
2005ж. 18232 млрд юань

Сыртқы сауда:

2001ж. 509,6 млрд доллар
2002ж. 620,8 млрд
2003ж. 851 млрд
2004ж. 1155 триллион
2005ж. 1,422 триллион

Экспорт көлемі:

2001ж. 266,1 млрд доллар
2002ж. 325,6 млрд
2003ж. 438,2 млрд
2004ж. 593,4 млрд
2005ж. 762 млрд

Елге кірген ипорттық тауарлар көлемі:

2001ж. 243,5 млрд дол.
2002ж. 295,2 млрд
2003ж. 412,8 млрд
2004ж. 561,4 млрд
2005ж. 660,1 млрд

Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі:

2001ж. 46,9 млрд дол
2002ж. 52,7 млрд
2003ж. 53,5 млрд
2004ж. 60,3 млрд
2005ж. 60,6 млрд

Алтын-валюта қорының көлемі:

2001ж. 212,2 млрд дол
2002ж. 286,4 млрд
2003ж. 403,2 млрд
2004ж. 609,9 млрд
2005ж. 818,9. млрд

Бүгінгі таңда Қытай тікелей шетелдік инвестициялардың ең көп көлеміне ие санаулы елдердің бірі.
Тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың маңызды салалары:

1) Ғылымды көп керек ететін өндіріс;
2) Жылжымайтын мүлік индустриясы;
3) Көтерме және бөлшек сауда, жалдау және бизнес қызметтері.

Тікелей шетелдік инвестицияларды тартуда трансұлттық корпорациялар маңызды рөл атқаратынын атап өткен жөн.
Шетелдік инвестициялардың көп бөлігі Қытайдың шығыс бөлігіне. Мұнда инвестициялау көлемі елдегі іс жүзінде пайдаланылған шетелдік инвестициялардың жалпы көлемінің шамамен 86,25% - ын құрайды.Қытай қазірдің өзінде трансұлттық кәсіпорындардың кірісінің ең маңызды көзіне айналды.

Қазіргі уақытта Қытайда тартылған шетелдік капиталы бар кәсіпорындардың 3/2-і оң теңгерімге қол жеткізді. Шамамен 5/2-і Қытайда әлемдегі орташа кірістен көп табыс табады.

Тауар айналымының жалпы көлемінен экспорттың жалпы көлемі 57,8% — ға, импорттың жалпы көлемі-57,1% - ға жетті. Шетелдік Инвестициялары Бар кәсіпорындарда тікелей шетелдік инвестицияларды тарту - Қытайдың экономикалық дамуын ынталандырып қана қоймай, шетелдік инвесторларға да үлкен мүмкіндік береді
Алдағы уақытта да тікелей шетелдік инвестицияларды тарту маңызды рөл атқарады деп болжануда.

ҚОРТЫНДЫ ОЙЫМ.

Соңғы пандемиялық кризисте "Еуразиялық одақ", "Кедендік одақ", "Одақтық еркін сауда айналымы" тағысын-тағы "одақтар" бізге ешқандай да пайдасын берген жоқ. Тым құрығанда көктемде шаруалардың қырыққабаттарын да(капуста) ресейге еркін өтуін реттей алмай, өзінің ешқандай қауқары жоқ одақ екенін көрсетті.

Өйткені, бұл мәселеде шаруалардың өнімдерін өткізуде бірәз көмектескендіктен(1000 т), бұл мәселені толық білемін.
Ең қорланғаным сол кезде, біздің шаруалар Өзбекстанның көліктерін жалдап, солардың елінің өнімі деген құжаттар жасап, Өзбекстанды пайдаланып сыртқа шығаруға мәжбүр болғандығын көргенде.

Сондықтан ағайын!
Елімізге инвесторларды тартатын реформаларды ертерек жасамасақ, күн өткен сайын құлдырай беруіміз мүмкін.

Рүстем Ашетаевтың жазбасы

Abai.kz

4 пікір