Сәрсенбі, 25 Қараша 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 127580. Жазылғандар — 114347. Қайтыс болғандар — 1945
ШОЛУ 3645 28 пікір 22 Қыркүйек, 2020 сағат 13:30

Саакашвилидің орнын Марғұлан баса ма?

Әлгінде Қазақстаннан бір топ саясатшы арнайы Украинаға барғанын білесіздер. Онда Гүржістанның экс-президенті, қазір Украина президенті Владимир Зеленскийге көмекші боп жүрген Михаил Саакашвилимен кездесіп, бірі ақыл алып, енді біреулері керісінше, кеңес беріп, жиын жасап қайтқан еді. 

Ал кеше танымал қазақ кәсіпкері, қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембай Украина президенті Владимир Зеленский және Украинаның Реформа жөніндегі Ұлттық кеңесінің басшысы Михаил Саакашвилимен кездескенін, өз ұсыныстары украин президентінің көңілінен шыққанын және жаңа жұмысқа кіріскенін мәлімдеген еді.

Марғұлан Сейсембай алдағы уақытта Украинадағы өмірінен жазбалар жариялап отыруға уәде берген. Ол бірінші кезекте көші-қонмен байланысты тұрмыстық шаруаларын шешіп, жұмысты жоспарлап, команда жинауы керектігін жазыпты. Сондай-ақ, оқырмандарынан осы мәлімдемені саясиландырмауды сұраған.

Сонымен Марғұлан Сейсембай не үшін Украинаға кетті? Оның жаңа қызметіне қатысты желі қолданушылары не жазып жатыр? Біз бір шолып шықтық.

Марғұлан Сейсембай: Жұмысымды саясиландырмауды сұраймын!

Марғұлан Сейсембай: «Біздің қоғам асүйде ғана белсенді» | Inbusiness

Әуелі өз жазбасы:

«Бүгін Украинаның президенті Владимир Зеленскиймен кездестім. Онымен және оның командасымен бір сағаттай әңгімелестік. Мен оны реформаларды ендіру процесі мен заң шығару саласының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарыммен таныстырдым. Оған бәрі қатты ұнады. Президент айтқандарымның бәрі қажет әрі маңызды екенін алға тартты да, мұның барлығы «кешеден» бері керек болғанын айтты. Тездетуді сұрады. Мен жұмысқа дереу кірісуге уәде еттім. Сол себепті алдағы уақытта Қазақстаныма орала алмаймын. Осы жерде ұзақ уақытқа қалып қоятынымды сезіп тұрмын. Жұмыс көп, қызық әрі біраз тер төгуді қажет ететін жұмыс.

Зеленский маған адам ретінде қатты ұнады. Ашық, тартымды, сыпайы екен. Адамды өте мұқият тыңдайды. Елі үшін жаны қатты ашиды.

Ара-арасында Украинадағы өмірімнен жазбаларды жариялап отыратын боламын. Қазір көптеген тұрмыстық шаруаларды шешіп, жұмысты жоспарлап, команда жинау керек.

P.S. Жазылмандарым мен достарымнан жұмысымды саясиландырмауды сұраймын, былай да бот фермалары мен аноним телеграм-каналдар қозып жатыр. Мен мұнда Украинаға жәрдемдесем. Түрлі-түсті революцияларды экспорттау, оппозициялық әрекет туралы сөз болып отырған жоқ. Мен бұл жерде сүйікті ісім - процестердің тиімділігін арттырумен айналысудамын. Бұл мен үшін - кәсіби сынақ. Бизнесте мұны талай рет ендірдім, енді мемлекеттік аппараттың жұмысына ендіргім келеді», - деп жазды Марғұлан.

Желі қолданушылары:

Михаил Саакашвили: «Әзірге Киевте өз міндетімді орындаудамын. Бүгін Президент Зеленскиймен, оның әкімшілігінің басшысымен және Парламент басшысымен Ұлттық реформалар кеңесі жөнінде кең көлемді талқы болды. Бұл әлі де Украина президенті әкімшілігінің бесінші қабатының, яғни менің кабинетімнің көрінісі. Бұл жерден Киев әдемі көрінеді», - деп жазыпты.

Мұрат Әбенов: «Іске сәт ! Өз елімізге де пайдасы тисін, сіздің Украинада жинаған тәжіриебеңіз!», - депті.

Махат Садық: «Күлшелі бала – сүйкімді», деген осы», - дейді.

Жомарт Айтқазы: «Михо өз еліне қайтқан соң, Киевтегі орнына Марғұланды қалдыратын сияқты», - деп жазыпты.

Ермек Дүйсенқожа: «Ғажап әрі жылы сурет ретінде қабылдадым. Марғұлан ағаның бұл шешімін шынайы демократиялық әрі ұлттық мемлекет құруға талпынған Украинаның тәжірбиесі мен жетістіктерін жадына түйіп қайтуға ұмтылған әрекеті деп түсінем. Қазақта «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» деген аталы сөз бар ғой. Талай-талай мықты мамандардың шетелге кетіп жатқаны - осы сөздің бүгінгі көрінісі. Бірнеше рет сотқа сүйреліп, шетелге кетуге мәжбүр болып, бәрбір туған елге оралған ағаның Азаулыда қалып қояды дегенге өз басым сенбеймін. Украинның төбесінде туған жарық күн, ертелі-кеш пе біздің аспанымызда да туады», - депті.

Шынқуат Байжанов: «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол! Адассаң да өз халқыңмен адас, халқың бал жаласа, бал жала, у ішсе, у іш. Ер азамат өз халқының бостандығы үшін күресуі керек, егер саналы азаматтары қиындықтан қашып бас пайдасын ойлап елін тастап кетсе, ол елдің болашағы бұлынғыр болады», - депті.

Бақытбек Бекмұратұлы: «Марғұлан Сейсембай қазақтың ұлтжанды бір іскер азаматы. Осындай ұл мен қыз қазақта баршылық. Өкініштісі, олар қазіргі жемқор биліктен жиіркенген, жерінген. Өтірігіне тойған. Қоқаң-лоқысынан қажыған. Енді олар өздеріндегі өміршең идеяны жат жерде жүзеге асыруға мәжбүр. Күндердің бір күні осындай ұлтжанды азаматтар қазақтың азат даласына аңқылдап оралар деген әлсіз үміт бар бүгінгі елдің жүрегінде...», - депті.

Ерлан Стамбеков: «Очень интересно! Искренне желаю Успеха! Успех реформ в Украине очень важен не только самой Украине... По моему мнению, сегодня там определяется будущее всей Евразии. Лично мне бы очень хочется чтобы Украина наконец поднялась в полный рост!», - депті.

Гүлжан Ерғалиева: «Какой бы стране тоже помочь? Своя уже стала мачехой...», - дейді.

Нұрмұхаммед Досыбаев: «Екі ел басшысының құрметіне бөленіп екі қанатына алып отырған қазақтың білімді де білікті жігіті – Марғұлан Сейсембай!  Өз еліміз бен қоғамымыз өзіңіздей, ойын ашық айтып қана емес нақты әрі пайдалы істерімен де ерекшеленетін, ел-азаматтарды қадірлейтін уақыт әлі келеді деп үміттенемін. Сәттілік жолдасыңыз болсын!», - депті.

Ерқанат Көпжасар: «Зеленскийге үндінің Чакрабартиінен қазақтың Марғұланы маңыздырақ», - деп жазыпты.

Abai.kz

28 пікір