Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
2461 1 пікір 22 Қыркүйек, 2020 сағат 13:17

Омаров: Зиянкестермен күреске 36,4 млрд теңге бөлінді

Бүгін ҚР Үкіметінің отырысында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров астық жинау науқанының қарқыны баяндады.

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда республика бойынша барлығы 14,8 млн гектардан астам дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе олардың жалпы жиналатын алаңының 93,4%-ында егін жиналды, ал өткен жылы осындай уақытта 10,3 млн гектар немесе 67,6% жиналған болатын. Гектарына 12,3 центнер орташа түсімділікпен 18,2 млн тонна астық бастырылды (2019 жылы – 11,4 млн тонна).

«Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар өндірісінің болжамды көлемі еліміздің ішкі қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді С. Омаров.

Сонымен қатар, биыл тұқым шаруашылығын субсидиялау көлемі 49%-ға ұлғайды (9,4 млрд теңгеден 14 млрд теңгеге дейін), бұл ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жоғары репродукциялы тұқым сатып алуға қолжетімділігін 2019 жылмен салыстырғанда 2,4 есеге арттыруға (39,4 мың тоннадан 135 мың тоннаға дейін) мүмкіндік берді.

Тыңайтқыш сатып алуды субсидиялау көлемі 38%-ға едәуір ұлғайды (19 млрд теңгеден 26,1 млрд теңгеге дейін), бұл тыңайтқыш енгізу көлемін ғылыми қажеттіліктің 20%-ына дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Кепілдендірілген және сапалы өнім алуда егістерді зиянкестер мен ауруларға қарсы химиялық өңдеу бойынша қабылданған шаралардың маңызы зор болды.

Биыл пестицидтерді субсидиялауға 36,4 млрд теңге көзделді, бұл 2019 жылға қарағанда 9 млрд теңгеге көп.

2020 жылға дейін тек гербицидтер (арамшөптерге қарсы препараттар), биопрепараттар мен биоагенттер субсидияланғанын атап өткен жөн. Осы жылдан бастап пестицидтердің инсектицидтер мен фунгицидтер (өсімдіктер зиянкестері мен ауруларына қарсы препараттар) сияқты басқа да түрлері субсидияланады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530