Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3975 0 пікір 28 Желтоқсан, 2011 сағат 06:58

Жағанова «Руханият» партиясынан шығарылды – Мәмбетәлин

Алматы. 28 желтоқсан. ҚазТАГ - Мәдина Әлімханова. «Руханият» партиясының негізін қалаушы және бұрынғы басшысы Алтыншаш Жағанова партия басшылығына жала жаққандығы үшін партиядан шығарылды, деп «Руханият» партиясының жетекшісі Серікжан Мәмбетәлин мәлім етті.

«Кеше біз шұғыл саяси кеңес өткізіп, партиямен байланысты жоғалтқаны үшін, партия идеологиясын теріске шығарғаны, және партия басшылығына жала жапқаны үшін Алтыншаш Жағанованы «Руханият» партиясының қатыранан шығарып тастау туралы шешім қабылдадық. Ертең ол маған мөр мен құжаттардың түпнұсқасын беруі тиіс», - деді С. Мәмбетәлин сәрсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.

А. Жағанованың бірқатар телеарналар арқылы көрсеткен сөзіне байланысты «Руханият» партиясы мәлімдеме таратып, оның айтқандарын партияны сайлаудан алып тастауға бағытталған тапсырыс бойынша болып отырған жәйт деп атады.

«Біз А. Жағанованың «Руханият» партиясын сайлаудан алып тастауға бағытталған арам ниетті әрекетін сөге отырып, оны әкімшілік кодексінің 99-1, 100-ші баптары бойынша (сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына кедергі келтіру және саяси партия мен үміткерлер туралы алдын ала жалған мәліметтерді тарату - ҚазТАГ) сотқа тарта алатынымызды мәлім етеміз», - делінген мәлімдемеде.

Бұл ретте қалыптасқан жағдайдың себебі ретінде «Руханият» партиясы мен Мұхтар Шахановтың әлі тіркелмеген «Халық рухы» партиясының бірігуі деп көрсетілген.

«Билік басындағы кейбіреулер «Руханият» партиясын шынымен де ҚР парламент мәжілісінің мезгілінен бұрын өтетін сайлауына жібермеуге шындап кіріскенге ұқсайды. Оларды алаңдатып отырған ең басты проблема - 4 жылдан бері тіркемей келе жатқан «Халық рухы» партиясының «Руханият» партиясымен бірігуі және халықтың Мұхтар Шахановқа деген сенімінің үнемі артып отыруында», - делінген мәлімдемеде.

С. Мәмбетәлиннің айтуынша, ол қалыптасқан жағдай туралы халықаралық ұйымдарды құлағдар етпекші.

«Бүгінгі мәлімдеме ағылшын тіліне аударылды. Ертең мен Еуроодақ елшісімен және ЕҚЫҰ миссиясының өкілімен кездесіп, сонда мәлімдеме жасаймын», - деді С. Мәмбетәлин.

Еске салсақ, А. Жағанова «Руханият» партиясынан парламент мәжілісінің депутаттығына үміткерлер ретінде ұсынылған партиялық тізімді кері қайтару керек және партия төрағасын жауапкершілікке тарту керек деп талап еткен.

А. Жағанованың айтуынша, «партияның съезі легитимсіз болып, ал онда мәжіліс депутаттығына үміткерлер ретінде ұсынылған тізім заңсыз» болған.

«Съезд мүлдем легитимсз, республикалық комитет, пленум,  саяси атқару комитеті - олар барлығы 7 адам, олардың 5-еуі қатысқан жоқ. Кезектен тыс съезд өткізу туралы шешім жарғы бойынша міндетті түрде пленумда қабылдануы тиіс. Съезде біздің партияға еш қатысы жоқ адамдар отырды. Ол (Мәмбетәлин - ҚазТАГ) үміткерлерді шатастырды», - деп есептейді ол.

Сонымен қатар А. Жағанованың айтуынша, «жарғы, құрылтайшы құжаттар, мөр - барлығы да» онда сақтаулы.

А. Жағанова бас прокуратура С. Мәмбетәлиннің әрекетіне құқықтық баға беруін сұрап, жауапкершілікке дейін тартып, тиісті шаралар қабылдауын талап етуде.

Қазір барлық құжаттар А. Жағанованың шағымына сай бас прокуратураға тапсырылып, сұрауларалынып жатыр. «Руханият» партиясындағылар ҚазТАГ-қа сейсенбі күні берген түсініктемесінде мұны «саяси тапсырыс» деп түсіндірді. «Баз біреулерге біздің сайлаудан шығып қалғанымыз керек», - деді С. Мәмбетәлин.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2282
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3618