Сенбі, 20 Сәуір 2024
2128 0 пікір 21 Қыркүйек, 2020 сағат 11:23

Нұр-Сұлтанда көпір құлады

Нұр-Сұлтандағы Алаш шоссесінде демонтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде көпір опырылды. Бұл мәліметті елордалық ТЖД өкілдері растады. 

"Бүгін таңғы сағат 04.50-де Алаш тасжолы бойындағы көпірдің опырылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері жіберілді. Келген бойда "КазахДорСтрой" ЖШС бөлшектеу жұмыстарын жүргізу кезінде темір жолдарға темір-бетон балканың құлағаны анықталды", - деді ведомстводағылар.

Жолдарды тазалау жұмыстары жалғасып, көпір демонтажы жүргізіліп жатыр, пойыздар қозғалысы тоқтаған жоқ. Көпірдегі машиналардың қозғалысы тек сол жақта ғана жабылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Баспасөз қызметі наурыз айында мамандар жол өткеліне визуалды тексеру жүргізгенін, анықталған ақаулары бар нысанды авариялық деп танығанын атап өтті. Аталған көпір бойынша қозғалыс шектелді дейді ведомстводағылар.

Abai.kz

0 пікір