Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 4967 18 пікір 18 Қыркүйек, 2020 сағат 13:24

Үкіметтен нені талап етуіміз керек?

Біз үкіметтен халықтың несиесін 30 жылда бір рет кешіргенге қарсы болмауымыз қажет.  Бірақ несиені халықтың тұрмыс жағдайына қарай отырып, бір рет кешірген жөн.  Бірақ «екінші болмайды, үкімет сенің банктен алған қарызыңды енді кешірмейді» деп қол қойдырсын, түсіндірсін.

Біз неге қарсы болуымыз керек? Үкіметтен нені талап етуіміз керек?

1. Қазақстан шетелден неге 170 миллиард доллар қарыз алды? Не үшін алды? Ол ақша қайда жұмсалды, қашан қайтарамыз, қалай қайтарамыз? Біз үкіметтен соны сұрайық, талап етейік!

2. Жеке меншік банктерге үкімет Ұлттық қордан 10-даған миллиард доллар көмек беріп келді. Не үшін? Банктер ол ақшаны халыққа неге жоғары пайызбен берді? Сұрайық, дәлелдесін.

3. 2020 жылы наурыз айында үкімет Ұлттық қордан «халықтың жағдайын жақсартамыз» деп 6 триллон теңге бөлінді. Сол қаражат қайда жұмсалды? Біз биліктен соны талап етейік, халыққа есебін берсін.

4. Қазақстанның 100-деген миллиард доллар қаражаты шетелдік оффшорлық шоттарда жатыр деп естиміз. Біз биліктен соны елге қайтар деп талап етейік.

5. Жағдайы өте төмен отбасылардың, баласына тамақ, киім, дәрі-дәрмек, баласын оқытуға планшет, ноутбук алған ақшасын үкімет 1 рет кешірсін. Бұл менің жеке пікірім, мүмкін қате болар? Сіздің пікіріңіз қандай?

Жәнібек Қожықтың жазбасы

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2279
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596