Жұма, 19 Сәуір 2024
2818 0 пікір 17 Қыркүйек, 2020 сағат 11:46

Қазақ-орыс шекарасында мыңдаған мигрант бөгеліп қалды

Ресейдің Самара облысында 4 282 өзбек мигранты тағы бөгеліп қалды. Олар шекара жабық болуынан үйіне қайта алмай тұр. Бұл жөнінде Самара облысының әкімдігі хабарлады.

Шекара маңына шатыр құрылып, мигранттарға азық-түлік, су жеткізілген. Сонымен бірге олардың қауіпсіздігі қорғалып жатыр дейді.

Өзбекстан билігі 12-14 қыркүйек аралығында 1,5 мың азаматын пойызбен алып кеткен. Енді келесі пойыз 19 қыркүйекте келеді. Новосибирск облысына да Ташкентен пойыз жіберілген. Сонымен бірге Мәскеу, Қазан, Ростов-на-Дону, Санкт-Петербург, Екатеринбург және Новосибирскіден Өзбекстанға ұшақтар ұшып жатыр.

Коронавирус пандемиясы басталғалы бері мигранттардың дені Ресейде жұмыссыз қалып, еліне қайтуға мәжбүр болып жатыр. Көктемнен бері орыс-қазақ шекарасында мигранттар үнемі жиналып қалады. Көрші елдердің билік өкілдері келіссөз жүргізгеннен кейін барып, оларды арнайы көлік не ұшақпен алып кетіп жатыр.

Мамыр айынан бері Өзбекстан Самара облысында бөгеліп қалған 8,5 мың азаматын алып кеткен.

Соңғы мәліметтер бойынша, қазақ-орыс шекарасында 3300 қырғыз азаматы еліне қайта алмай тұр. Ресейдегі қырғыз елшісі Аликбек Жекшенкулов қазір Қазақстан тарабымен келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Қазақстан коронавирус пандемиясы басталғалы бері шекараларын әлі ресми ашқан жоқ.

Abai.kz

0 пікір