Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
46 - сөз 9584 6 пікір 16 Қыркүйек, 2020 сағат 13:46

Қытаймен шекаралас аудандар бос қалып барады

Мемлекет басшысы, Президентіміз Тоқаев мырзаның назарына!

Қытаймен шекаралас жатқан аудандардан елдің көшуі тоқтамай тұр. Шекара жылдан жылға елсіз бос қалып барады. Кезінде, 1997 жылы мамыр айында Президеттің Жарлығымен, экономикалық қиындықтарды желеу етіп, республикадағы көптеген аудандар ірілендірілген болатын. Оған Шығыстағы шекара бойына орналасқан төрт аудан іліккен-тұғын, олар; Тарбағатай, Марқакөл, Катон Қарағай, Мақаншы аудандары. Сол жылдары, шындығын айту керек аудан тұрғындары Алматы, Семей, Өскемен қалаларына, басқа да облыстарға тірлік үшін үдере көшуді бастаған, көш әлі тоқтаған жоқ. Көші қонның басты себебі -  аудан орталығының жүздеген шақырымға алыстауының салдарынан адамдардың күн көрістерінің қиындауы, бұрынғы аудан орталықтарының азам төзгісіз жағдайда қирауы, бүлінуі әсер етуде.

Шекара жалаңаштанып барады. Қаншама елді мекендер жойылып, қаншама ауылдағы мектептер, оқитын балалардың жоқтығынан жабылып қалды. Әлі де жабылады. Бұл жөнінде кейінгі кезде аудан тұрғындары жиі дабыл қаға бастады. Өкінішке орай халықтың зарына әзірге құлақ асып отырған ешкім жоқ!

Көші қонды тоқтатудың, қалалардан кезінде көшіп кеткендерді қайтарудың, бір сөзбен айтқанда көштің басын қайтадан кері шекара аудандарына бұрудың ең басты жолы, кезінде ірілендірілген шекара бойында орналасқан аудандарды қайта құру!!! Алматы облысында бұл мәселе оң шешімін тапты, шығыста әзірге тыныштық!

Аймақ тұрғындары, халықты тыңдайтын, талап тілегіне құлақ асатын мемлекеттің басшысы ретінде, Сізден ғана зор үміт күтеді!

Түсіпхан Түсіпбековтың жазбасы

Abai.kz

6 пікір