Жұма, 19 Сәуір 2024
46 - сөз 2862 4 пікір 16 Қыркүйек, 2020 сағат 12:12

Сөйлем құрастырудың заңы бар емес пе?..

Құрметті филологтар, грамматистер, ...сұрағым бар...

***Қазақша сөйлемді сауатты етіп құрастыруды ойланбайтын қазақтар көбейіп бара жатқан жоқ па?.. Газет, журнал беттерінде, жарнамаларда кілең инверсиялық қателер....

Мысал келтірейін:

1).«Құрметті семинарға қатысушы әріптестер», деп жазады, солай сөйлейді. Сонда, «семинар» ма құрметті?

Неге «Семинарға қатысушы құрметті әріптестер» демейді?.

2).«Арнайы белгіленген жерлерде темекі шегуіңізді сұраймыз» деп жазып қояды.

(Өлердей болып өтініп тұр ғой.)

3).«Әртүрлі халыққа көмек көрсету орталығы ашылды» деп жазыпты бір газет.

(Әуелі өз халқымызды жарылқап алайықшы, дегім келеді.)

4).«Сәнді әйелдер киімі». ( Қайсысы сәнді?)

5).«Ақылы көз аурулар бөлімшесі». (Дұрысы : «Көз ауруларын ақылы емдейтін бөлімше» болу керек емес пе?.

6).«Халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын!» деп құттықтай беріңдер, тек менің Ханымым (қатыным) халықаралық емес деп баяғыдан бері жазып келемін. Құдай-ау, «мереке ғой халықаралық».

7). Орыстілді қазақты қазақ тілді....

Қазақтілді орысты орыс тілді.

( бөлек жазатындар жиі кездеседі )...

***Сөйлем құрастырудың заңы бар емес пе... Мектепті орысша бітіріп, медицинаны орысша оқып, қазақша грамматикасы қалт-құлт етіп жүріп сұрақ қоятын мен сияқтылар көп емес шығар.... Жауап беріңіздерші.

Мысылы: «Нұр Отан партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі комиссия» деген жазуды бір жерден жазып алғам. Оқыдым. Ойландым. Түсіне алмадым. Тіл мамандарына сұрақ қойып отырған түрім ғой...

Мұхамбедия Ахметовтің жазбасы

Abai.kz

4 пікір