Жұма, 29 Наурыз 2024
2831 3 пікір 15 Қыркүйек, 2020 сағат 14:22

Атырау облысы: Қарабатанда ауаға зиянды заттар тарады

Атырау облысы Қарабатан кенішінде ауаға зиянды заттар тарады.

14 қыркүйекте әлеуметтік желіде Қарабатан кеніші жақтан ауаға "саңырауқұлақ" тәрізді қара түтіннің тарап жатқаны туралы сурет шықты. Жергілікті экология департаментінің жетекшісі Әлібек Бекмұхаметов атыраулық "Ақжайық" сайтына зиянды заттар тарағанын растаған. Оның сөзіне қарағанда оған NCOC (North Caspian Operating Company N.V.) компаниясы жауапты.

"Ауаға тараған зиянды заттар мөлшерін анықтау үшін мамандарымыз Қарабатан аумағындағы санитарлық зонада ластаушы заттардың концентрациясын өлшеп жатыр" деді Бекмұхаметов.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраеваның айтуынша, облыстық экология департаментінің қызметкерлері аудандық жылжымалы зертханамен Қарабатан ауылына барған.

"Қара түтіннің "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В" бөлімшесі “Болашақ” мұнай-газды кешенді әзірлеу қондырғысына тиесілі құрылғыдан шыққаны анықталды" деп жазды Ибраева Facebook-тағы парақшасында.

Оның сөзіне қарағанда департамент мамандары зауыттың санитарлық-қорғау зонасына жақын орналасқан аумақтың ауа сапасын тексерген.

"Бұл өнеркәсіп нысанын жоспардан тыс тексереміз, оның қорытындысы қосымша хабарланады" деді Ибраева.

NCOC концорциумына "ҚазМұнайгаз" ұлттық компаниясы мен шетелдің бірқатар энергетикалық компаниялары атап айтқанда, италиялық Eni, америкалық Shell, ExxonMobil, француздың Total, жапонның Inpex, қытайдың CNPC компаниялары кіреді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616