Сейсенбі, 29 Қыркүйек 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 107833. Жазылғандар — 102805. Қайтыс болғандар — 1725
387 0 пікір 15 Қыркүйек, 2020 сағат 14:03

Алматыда карантиндік шаралар жеңілдетіледі

Алматы қаласының Бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы эпидемиологиялық ахуал жайлы соңғы ақпараттармен бөлісіп, коронавирусқа қатысты карантиндік шектеулердің жеңілдетілгенін айтты.

15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулерді жеңілдету туралы Қаулы шығарған. Қаулыға сәйкес, 15 қыркүйектен бастап мәдениет нысандары (адамдар саны 30-дан аспайтын жеке және топтық жаттығулар), кітапханалар мен музейлер (ғимараттың толуы 50 пайыздан аспауы тиіс) жұмыс істей бастайды.

Бұл ретте, маска тағу режимі және әлеуметтік қашықтық сақталып, санитарлық-дезинфекциялық шаралар қатаң жүргізілуі, желдету жүйелері іркіліссіз жұмыс істеуі қажет.

Ата-аналардың өтініші бойынша білім беру ұйымдарында 3-4 сыныптардың кезекшілік топтары жұмыс істейтін болды. Бұл ретте, сыныптағы балалар санын 15-тен асырмау және санитарлық нормаларды қатаң сақтау талабы қойылылған.

«Қаулыны ұйымдастырушылық-құқықтық формасына және қандай ведомство құрамына кіретініне қарамастан барлық заңды тұлғалар орындауға міндетті. Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді»,- делінген Алматы қалалық Бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қол қойған құжатта.

Abai.kz

0 пікір