Сенбі, 20 Сәуір 2024
Саңлақ 7350 1 пікір 14 Қыркүйек, 2020 сағат 14:46

Жәнібек Әлімханұлы қазан айында жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы, WBO Global және WBC Continental Americas белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлының кезекті жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Бұл туралы боксшының баспасөз хатшысы Берік Сұлтан өзінің Facebook-дегі парақшасында мәлімдеді. Оның хабарлауынша, жекпе-жек 9 қазан күні Лас-Вегаста өтеді.

- Жекпе-жек уақыты белгілі болды. QAZAQ STYLE 9 қазан күні жұдырықтасады. Las Vegas. MGM Grand, - деп жазды Берік Сұлтан.

9 қазанда атақты Top Rank промоутерлік компаниясы Лас-Вегаста бокс кешін ұйымдастырады. Ол кештің басты жекпе-жегінде WBO тұжырымы бойынша, жартылай жеңіл салмақтағы вакантты чемпиондық үшін Эммануэль Наваррете мен Рубен Вилла кездеседі. Жәнібек те осы бокс кешінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы қазірге анықталған жоқ.

Айта кетейік, Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін былтыр қазан айында өткізген болатын. Бір жыл бұрын ол Альберт Онолуносені алтыншы раундта нокаутқа түсірген еді.

Abai.kz

1 пікір