Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Көршінің көлеңкесі 7995 26 пікір 14 Қыркүйек, 2020 сағат 14:38

Қырғыздар Ресей құрамына қосыла ма?

Қырғызстан Ресейдің құрамына қосылуы мүмкін. Желіде жылт еткен көп әңгіменің бірі осы ауанда өрбіп жатыр. Мәскеудегі қырғыз диаспорасының төрағасы, Қырғызстанның Ресейдегі экс-елшісі Райымқұл Аттакуров «Pravda.ru» порталына сұхбат беріп, өз ойын осылай деп жеткізіпті.

(Райымқұл Аттакуров. © РИА Новости)

«Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысына Қырғызстанның көңілі тола ма» деген сауалдан басталған азды-кем әңгіме барысында «орыспен ортақтың көбейгені тиімді» деген ауанда әңгіме қозғапты.

Қырғыз саясатшысының бұл айтқандарын орыс тілді ақпарат құралдары жерден жеті қоян тапқандай, гулетіп әкетіпті, әне.

«Біз көптеген ғасырлар бойы бірге болдық. Мұны тарихи тағдырымыз алдын-ала анықтап қойған. Біздің ортақ тарихымыз бар. Енді ұзақ уақытқа жоспарланған болашағымыз бар деп үміттенеміз. Қазір көптеген қырғыздың басында Ресейдің құрамындағы республикалардың бірі болу туралы ойлар пайда болды», - дейді Аттакуров.

«Қырғызстанда шынымен осындай ойлар талқыланып жатыр ма» деген сауалға бұрынғы елші: «Иә, Қырғызстанда осындай ойлар бар. Мұнда да диаспоралық ұйым осы мәселені талқылап жатырмыз. Әрине, мұны бірден іске асыру мүмкін емес. Меніңше, осы мәселеге күндердің күні қайтып ораламыз. Өйткені, өмірдің өзі бізді бірігуге итермелеп тұр», - деп жауап берген.

«Бүгінгі таңда ЕАЭО-ға қосылуға көп ел үмітті. Тіпті, бұл бестіктен жырақта жатқан елдер де... Мысалы, Үндістан мен Пәкістан. Біз Еуразиялық экономикалық одақ форматында әріптестікті нығайту үшін жұмыстар жасап жатырмыз.

Әрине, әр мемлекеттік жекелеген көзқарасы, ұстанымдары бар. Және бұл дұрыс деп есептеймін. Өткен шақтың қателіктерін қайталамауымыз керек. Ал ЕАЭО болашағы жақсы», - дейді, онан әрі.

Сонымен қатар Аттакуров: «Қырғызстан - бұрынғы КСРО-да орыс тілі мемлекеттік, конституциялық тіл мәртебесіне ие жалғыз ел», - депті.

«Бұл әуелі еңбек мигранттарының жұмысын жеңілдетеді. Ол үшін патент керек емес. Ол үшін емтихан тапсырып жатпайды.  Бізде де халықтың басым бөлігі өзара орысша сөйлеседі ғой.

Біздің диаспоралық ұйым Мәскеу Үкіметімен, Мемлекеттік Думамен, Қоғамдық палатамен, Ұлттар үйімен т.б. қоян-қолтық жұмыс жасап жатыр», - дейді қырғыз сарапшысы.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Еуразиялық Экономикалық одақ елдері арасында ортақ валюта енгізуді ұсынған. Нақтырақ айтсақ, ТМД істері бойынша комитет басшысы Леонид Калашников Ресей мен Беларусь «Одақтас ел» жобасы аясында ортақ валюта енгізуге дайындалып жатқанын мәлімдеген.

Лукашенко назвал главное преимущество Союзного государства - новости политики: ruposters.ru

«Ортақ валюта болады, өйткені бұл жолдағы жұмыс жүргізіліп, орталықтар да құрылды. Қазіргі таңда Беларусь елі ортақ валютаға келіседі деп ойлаймын», - деді Калашников.

Мәскеудің бұл ұсынысын Белорусь президенті де қолдайтынын айтқан.

«Қазір бізге ортақ валюта енгізу туралы ұсыныс түсіп жатыр. Біз мұны қолдаймыз! Және бұл валюта – рубль болады», - деген еді Лукашенко.

Қалай десек те, экономикалық одақ деген желеуден басталған бұл ұйымның қазір ауқымы кеңейіп бара жатқандай. Әуелі «Одақтас ел» деп Белорусьті құрамына қосуға кірісіп кеткен Ресей, енді Қырғызстанды нысанасына алған секілді.

Жалпы әуелде «экономикалық одақ болады», деп құрылған бұл одақтың жүре келе саясиланып бара жатқанын біраздан бері жазып келеміз. Дабыл қақтық. Дат айттық! «Одақта «ортақ» көбейіп келеді» дедік. Ортақ одақ, ортақ экономика, ортақ бизнес, ортақ кеден, ортақ футбол, ортақ мәдениет, ортақ тарих, ортақ әскер т.с.с. Бұл ортақтарды бүгін тізіп бітпеспіз... Әлгінде ортақ ақша туралы да айтты. Ендігісі не? Ортақ рәміз бен ортақ шекара ма?

Қазақ билігі қауіп көрмейтін бұл одақтың түпкі ойы қаңқасы күйреп, келмеске кеткен КСРО-ны қайта тірілту екенін біздегі саясатшыларды айтпағанда, Кремльдің қожайыны Владимир Путинге дейін ашықтан-ашық айта бастады.

Владимир Путин на России 24 дает интервью. Онлайн-трансляция

Биыл Кремльдің қожайыны Владимир Путин бұрынғы Совет одағын қайта құрғысы келетінін айтты. «Россия 1» арнасына. «Москва. Кремль. Путин» дейтін бағдарламада. «Бірігу - бұрынғы Совет одағы елдерінің барлығына пайда әкелмесе, зияны жоқ», - деп сөйледі.

Путин не деді?

«Өткен шақтың, әсіресе Совет одағының, Совет империясының қайта құрылуына қатысты қандай да бір үрей-қорқыныштан арылған соң, күш біріктірудің барлығы үшін пайдалы екені туралы түсінік туады. Бұл мүмкіндікті, бұл басымдықты процесстің барлық қатысушылары көріп, біліп отыр. Біз әрі қарай жылжып, жаңа қадам жасап, алға басып келеміз», - деді Владимир Путин.

Ресей президенті өз сөзінде: «біріккен кезде ғана бәсекеге қабілеттілік деген болады. Бұрынғы КСРО елдері үшін де солай», - деп сөйлепті.

«Біздің ортақ тіліміз бар. Ұлтаралық, мемлекетаралық қарым-қатынас тілі - орыс тілі. Барлық елде орысша еркін сөйлейді. Бұл үлкен басымдық. Бізде бұрынғы ортақ мемлекетімізден қалған ортақ транспорт, ортақ энергетика, ортақ байланыс инфрақұрылымдары бар. Бұл тағы бір басымдық», - деді Путин.

В России всё меньше доверяют Путину и опять завидуют казахам — Интернет-газета ЗОНАКЗ. Казахстан.

Қайсыбір жылы :«Тәуелсіздікке қатер төндіретін кез-келген ұйымнан бас тартамыз...», - дегенді Елбасы да айтты. Биыл одақ жиынында «экономикалық одақтың әсіре саясиланып бара жатқанын» президент Тоқаев та айтты.

Әне! Сайлаудан кейін сергелдеңге түскен Беларусь президенті Александр Лукашенко да «орыспен одақтың «игілігін» айтып, сөйлей бастады. Осылайша, Кремльдің ескі одақты тірілту үшін жасалған «Одақтас елдер» атты жоспары әсте-әсте шынға айнала бастағандай. Әуелі, Беларусь. Енді Қырғызстан... Келесі кім? Біздікі қауіптің сөзі.

Нұрбике Бексұлтанқызы

Тақырыпқа тұздық:

Президенттің сөзі немесе одақтастардың ойы не?

Ортақ одақ. Ортақ футбол... Ендігі кезекте ортақ азаматтық па?

ЕАЭО – өлі одақ

ЕАЭО-дан қазір шықпасақ келесі кезең ортақ валюта құру болады

Экономикалық одақ саяси одаққа ұласып бара жатыр

ПУТИН: РЕСЕЙДІҢ ШЕКАРАСЫ ШЕКСІЗ

Abai.kz

26 пікір