Бейсенбі, 22 Қазан 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 109766. Жазылғандар — 105301. Қайтыс болғандар — 1796
Талқы 1759 16 пікір 10 Қыркүйек, 2020 сағат 14:23

Депутаттар Аймағамбетовке неге шүйлікті?

Жазғы еңбек демалысынан қайта оралып, қызметтеріне «қызу» кірісіп кеткен Парламент Мәжілісінің депутаттары ҚР Білім және ғылым министрлігінің қашықтан оқыту проблемалары мен Дүниежүзілік банктің 67 млн доллар несиесін пайдалануына қатысты депутаттық сауал жолдаған екен. Кім, қай фракция? «Ақ жол» депутаттары!

Ал ел ішінде ерекше симпатияға ие министр Асхат Аймағамбетов, Аймағамбетов басқаратын министрлік депутаттардың сауалына жауап бермепті. Осыған наразы болған депутаттар Білім және ғылым министрлігіне наразылық білдірген. Парламенттік партия фракциясы Үкімет басшысы Асқар Мамин мен Республикалық есеп комитетінің басшысы Наталья Годунованың атына үшбу хат жолдапты.

Осыған байланысты қазір ел пікірі екіге жарылған. Желі қолданушыларының бір тобы Аймағамбетовты ақтай сөйлеп: «Тарт қолыңды министрден», деген әсіре-эмоциялы ұран сөздер жазып жатса, келесі бір топ: «Білім саласындағы былық-шылықтарды дұрыс көтерген», деген ауанда пікірлесіп жатыр.

Сонымен, депуаттар Білім министріне неге шүйлікті? «Ақ жол» депутаттары Үкімет басшысына қандай сауал жолдады? Рет-ретімен жазайық...

«АҚ ЖОЛ»: 67 МЛН ДОЛЛАРДЫҢ ЕСЕБІ ҚАЙДА? 

Ақ жол» партиясынан президенттікке үміткер анықталады | КТК

Әуелі «Ақ жол» депуаттарының Премьер-министрге жолдаған сауалы (толық мәтін):

***

Құрметті Асқар Ұзақпайұлы!

Құрметті Наталья Николаевна!

«Ақ жол» Демократиялық партиясының депутаттық фракциясы білім беру жүйесіндегі цифрландырудың қанағаттанарлықсыз жағдайына, көптеген мектептерде тұрақты интернеттің жоқтығына, цифрлық білім беру жобаларын іске асырудағы сәтсіздіктерге Білім және ғылым министрлігі мен Үкіметтің назарын бірнеше рет аударды.

Білім беруді ақпараттандыру саласындағы кемшіліктер коронавирусқа байланысты төтенше жағдайлар кезеңінде ерекше ауыр болды, қашықтан оқытуға көшу кезінде бүкіл ел бойынша мыңдаған балалар сабақсыз қалды. Сонда кенеттен біздің мыңдаған ауылдар мен елді мекендерде интернеттің жоқтығы, мектептердің техникалық жабдықталмауы, шатырлар мен ағаштарға ата-аналар мен мұғалімдердің масқаралықпен өрмелеуі туралы біздің бұрынғы хабарларымыздың бәрі шындық, ал шенеуніктердің оларды жоққа шығарған жауаптары өтірік болып шықты.

Білім министрі А.Аймағамбетовтің алдағы оқу жылына арналған қашықтан оқыту проблемаларын жою туралы жазда берген уәдесіне қарамастан, аймақтарға сапарларының нәтижелері бойынша «Ақ жол» партиясының депутаттары министрге тағы да ресми үндеу жолдап, (сілтеме No21, 29.07.2020 ж.) жағдайды түзетуге негізделген күмәндар туралы мәлімдеді.

Еліміздің әр түкпіріндегі сайлаушылармен кездесулерде біз бірнеше рет көпбалалы отбасылардың бір смартфонды қолданып, сабақ оқитындығына қатысты ата-аналарының шағымдарын тыңдауға мәжбүр болдық. Бірақ, онда әйтеуір, сымсыз интернет бар. Көптеген жерлерде тұрақты Интернет жоқ. Сондай-ақ, тамызда Алматыдан 24 шақырым жерде орналасқан Қаскелең қаласының ата-аналары мен мектеп оқушылары тұрақты интернеттің жоқтығын мәлімдеді. Одан да шалғай аудандар туралы не айта аламыз?

Өздеріңіз білетіндей, біздің қорқынышымыз оқудың алғашқы күндерінде-ақ расталды. Барлық әлеуметтік желілер мен ресми арналар осы хабарламаларға толы.

Бірақ мемлекет бөлген қаражат қайда кетті, бюджет және барлық салық төлеушілер не төлейді? Бұл риторикадан алыс, бірақ біз фракцияның Білім және ғылым министріне ағымдағы жылдың 29 шілдесінде жазған хатында қойған нақты сұрақтар.

2016 жылдан бастап білім беру жүйесіне республикалық бюджеттен 27,2 млрд.теңге сомасында трансферттер жіберілді, оның ішінде:

- 6 152 мектепке 26317 мультимедиялық жабдықтар жиынтығын сатып алуға 12 миллиард теңге;

- 7160 мектепті жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге 16,5 млрд.теңге;

- 7,160 мектепті цифрлық білім беру ресурстарына қосуға 4,4 млрд жіберілді.

2017 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен «Орта білім беруді модернизациялау» жобасын қаржыландыру үшін Дүниежүзілік Банктен 67 млн ​​АҚШ доллары көлемінде несие алды.

Жобаның мақсаты - ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасын бір деңгейге келтіру, оның аясында 5000 мектепті мультимедиялық жабдықтармен жабдықтау туралы шешім қабылданды. Барлық ауылдық мектептер компьютерлермен және кеңсе техникаларымен жабдықталады деп жоспарланған. Ең бастысы, Интернет жылдамдығы төмен барлық мектептер үшін тұрақты сымсыз байланысты қамтамасыз ететін жабдықтармен қамту жоспарланған болатын.

Алайда, мәселенің жоғары өзектілігіне қарамастан, қолда бар ақпаратқа сәйкес, жоба жоспарларының бірде-біріне әлі конкурс жарияланбаған, тіпті (жобаның үшінші жылында) ауыл мектептерін интернетпен қамтамасыз ету үшін компьютерлер мен жабдықтар сатып алу бойынша техникалық сипаттамалар әзірленбеген.

Сонымен қатар, үш жыл бойы Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі мектептерді ақпараттандыру және сымсыз интернетпен қамтамасыз етпегені үшін бюджеттен 160 мың АҚШ доллары көлемінде несие резерві үшін комиссия төлейді.

Бірақ, мұнымен де біткен жоқ, осы жылдың шілде айында Білім және ғылым министрлігі Үкіметтен мектептерді оқу процесін цифрландыруға арналған жабдықтармен жабдықтау, сымсыз интернет желісі арқылы сабақтарды онлайн режимінде өткізу үшін тағы 74,2 млрд.теңге қаражат сұрады.

29 шілдедегі жоғарыдағы хатта біз министр А.Аймағамбетовтен келесі сұрақтарға жауап беруін сұрадық:

1. Халықаралық банктен несиеге алған 67 млн АҚШ доллардың пайдаланылмауы немен байланысты, БҒМ жауапты тұлғалары ішінде қарыз алуға бастамашы кім, пайдаланылмаған қарыздың тұрақсыздық айыбын (бүгінгі уақытқа 300 мың АҚШ доллардан астам) қандай қаражат есебінен төленуде, мектептерді модернизациялау жобасы орындамағаны үшін кім және қандай жазаға тартылған?

2. Жергілікті білім беру басқармаларына мектептерді ақпаратандыруға 2016 жылдан бері бөлінген (27,2 млрд.тг) қаражат қалай игерілді, олардың тиімді пайдаланылуы тексерілді ме?

3. БҒМ қол жеткізген нәтижелерді қалай бағалайды, егер ойдағыдай бағаласа, қашықтан оқытудағы сәтсіздіктер мен өзге де кемшіліктерге кім жауап береді?

Заң бойынша мемлекеттік органдарға шағымдарға жауап беру үшін 1  ай мерзімі белгіленген. Бірақ бүгінгі күнге дейін жауап берілген жоқ.

Осыларға байланысты, Асқар Ұзақпайұлы, Сізден Білім және ғылым министрін:

1. «Ақ жол» депутаттық фракциясының а.ж 29 шілдесіндегі сұрақтарына жауап беруге міндеттеуді;

2. Депутаттарға сұратылған ақпаратты беруден жалтарған БҒМ лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тартуды;

3. ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетіне білім беру саласын цифрландыру мен қашықтан оқыту үшін бөлінген қаражаттың жұмсалуын тексеруді, оның ішінде Дүниежүзілік банкінен алған сыртқы қарыз қаражатының жұмсалмау себептерін анықтауды сұраймын.

Сондай-ақ, Наталья Николаевна, Сізден бюджеттік қаражаттардың тиімді жұмсалуына және осындай негізде, мемлекет тарапынан қатыстырылған қаражаттардың жұмсалуын тексеруді сұраймын.

Сауалды Мәжілісте оқыған Дания Еспаева.

Ал бүгін «Minber.kz» ақпараттық порталы «Депутаттар Аймағамбетовке шүйлікті» атты мақала жариялапты. Онда Мәжілістегі «Ақ жол» фракциясынан өзге 2 партия депуттары да Білім министрлігіндегі қордаланып қалған мәселелерді көтергенін жазыпты.

9 қыркүйек күні өткен Мәжілістің пленарлық отырысында Мәжілістегі үш саяси партияның атынан үш депутаттың мәселе көтеріп, Білім министрлігінің жаңа оқу жылына дайын болмай шыққанын сынаған екен. «Ақ жолдың» депутаттық сауалын жоғарыда жаздық. Ал Мәжілістегі айқын басымдыққа ие «Нұр Отан» мен «Коммунистер» партиясы ше?

«НҰР ОТАН»: 1 МИЛЛИОН ОҚУШЫНЫҢ КОМПЮТЕРІ ЖОҚ

XVIII съезд партии «Нұр Отан» с участием Н.Назарбаева проходит в Астане - Новости Казахстана и мира на сегодня

«Нұр Отан» фракциясы депутатының сөзі:

Мәжіліске «Нұр Отан» партиясының атынан сайланған депутат Жәмилә Нұрманбетова елдегі интернет платформалардың нормаға сай емес екендігін және балалардың оқу процесіне интернеттің әлсіздігі немесе оның мүлде жоқтығы, жиі үзілуі кері әсерін тигізіп жатқанын айтып, вице-премьер Ералы Тоғжановтың атына депутаттық сауал жолдаған.

«Бұған дейін көптеген мемлекеттік бағдарламаларда электронды білім беру ресурстарын құруға, педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануды үйренуге және ақпараттық-білім беру ресурстарына теңдей қол жеткізуге арналды.

Тоғыз жылдың ішінде бұл мақсатқа 72 млрд теңгеден артық қаржы бөлінді, оның 30 млрд теңгесі электронды білім беру платформасы е-learning бағдарламасына бөлінді.

Ол бағдарламаны нәтижесіз болды деп айтуға болады. Білім және ғылым министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшылары 2020-2021 оқу жылында жеті қазақстандық интернет платформаның қашықтан оқытуға толықтай дайын екенін сеніммен мәлімдегеніне қарамастан қашықтан оқу толықтай құлады», - делінген сауалда.

Депутат өз сауалында, елдегі 835 ауылда тұрып жатқан 55 мың оқушыда интернет және 1 миллионнан астам оқушының компьютері жоқ екенін айтқан.

Депутаттық сауалды Ирина Аронова мен Жәмилә Нұрманбетова оқыған.

«КОМПАРТИЯ»: ДӘСТҮРЛІ ОҚЫТУ ФОРМАТЫНА ОРАЛАЙЫҚ! 

Қазақстан коммунистерінің еліміздегі экономикалық жағдайға қатысты мәлімдемесі

«Коммунистер» партиясы депутатының сөзі:

Мәжілістегі коммунис депутаттар тобы да Үкімет басшысы Асқар Маминнің атына сауал жолдап, оқушыларды мектептерге қайтару мәселесін көтеріпті.

«Біздің еліміздің басынан небір зұлматтар өтті. Тіпті, соғыс жылдарында да, бұдан да қиын эпидемия кездерінде де мектептер жабылған жоқ. Оқушылар барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, классикалық форматта оқытылды.

Ал қазір қашіқтан оқыту салдарынан білім сапасы төмендеді. Балаларға білім берудің тәрбиелік мәні құлдырады. Балалар мен жастардың білім алуында теңсіздік туды. Қоғам арасындағы түрлі айырмашылықтардың өсуіне алып келді. Мемлекет қазынасынан түрлі техникаларды сатып алы арқылы, бюджет ақшасын оңды-солды шашуды, әртүрлі оқыту платформалрындағы жүйесіздікті көріп отырмыз», - депті депутат Смирнова.

Депутаттық сауалды Ирина Смирнова оқыған.

«Minber.kz» порталының жазуынша, Білім министрлігі бұл сындармен келіспейтін көрінеді. «Қазақстан мектептері қашықтан оқытуға дайын болмады деген өтірік», - деп ақтала өйлеп, қарсы пікір айтыпты.

Шолпан Каринова назначена вице-министром образования и науки РК - Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан

Вице-министр Шолпан Каринованың сөзі:

«Жаңа оқу жылы дұрыс ұйымдастырылмады деген мәлімдеме шындыққа еш сәйкеспейді. Барлық мектеп қашықтан оқуға дайын. «Мұғалімдердің еңбегін жоққа шығаруға болмайды!», - депті. Ол бұл пікірді 9 қыркүйек күні өткен баспасөз мәслихатында айтқан.

Сонымен, Мәжілістегі үш фракцияның да депутаттары ҚР Білім министрлігі қашықтан оқуға дайын емес. Дәстүрлі білім беру форматына қайта көшу керек деген ауанданы пікір айтқан. Ал БҒМ бұл сынмен келіспейтінін жеткізген.

Сіз не дейсіз? Бірге талқылайық...

Abai.kz

16 пікір