Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3194 0 пікір 29 Маусым, 2009 сағат 10:19

БҰҰ бас хатшысы мен G8 СІМ басшылары Орта Азия елдеріне Ауғанстанды қалпына келтіруге белсенді қатысуды ұсынды

Астана. 29 маусым. ҚазТАГ – БҰҰ-ның бас хатшысы және G8 елдерінің СІМ басшылары Орталық Азия мемлекеттеріне Ауғанстанды қалпына келтіруге белсенді қатысуды ұсынды. ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл туралы 26-27 маусымда Триест (Италия) қаласында: «Ауғанстан және аймақтық өлшемдер» деген тақырыппен өткен кеңесте айтылды. Шара Италияның «Үлкен сегіздіктегі» (G8) төрағалығы шеңберінде G8, НАТО- ның Ауғанстандағы коалициясына мүше мемлекеттердің, Орталық Азия аймағы елдерінің, сонымен қатар, Ауғанстанға көрші мемлекеттер сыртқы саясат ведомстволары жетекшілерінің, өкілдерінің қатысуымен өтті. Форумға қазақстандық делегацияны сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев бастап барды.

«Конференцияда сөз сөйлеген БҰҰ бас хатшысы ООН Пан Ги Мун, «Үлкен сегіздік» елдерінің сыртқы істер министрлері Орталық Азия мемлекеттерін Ауғанстанды қалпына келтіру процесіне белсендірек қатысуға үндеді», - деп атап көрсетеді баспасөз қызметі.

Қазақстандық дипломат өз сөзінде Қазақстан Ауғанстанды қалпына келтіруге және есірткінің заңсыз айналымы мен тасымалына қарсы күреске белсенді қатысып жатқанын  атап өтті. Ол форумға қатысушыларды Алматыдағы есірткінің, психотропты заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымымен күрес жөніндегі орталықазиялық аймақтық ақпараттық үйлестіруші орталықтың қызметімен таныстырып, Ауғанстанға халықаралық қолдау көрсету бағытындағы ШЫҰ мен ҰҚШҰ-ның рөлін атап көрсеті. Сонымен қатар, Н.Ермекбаев аймақтық трансшекаралық және инфрақұрылымдық  жобаларды жүзеге асырудың орындылығы туралы әңгімеледі.

Форумның жұмысына қазақстандық делегацияның құрамында ҚР-дың Италиядағы елшісі Алмаз Хамзаев қатысты, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

0 пікір